Жас дарын Наргиз
Дата: 16.12.2025 Рубрика: Фантазёры
0
19
0

Алматы қаласында өткен тоғызқұмалақтан Азия чемпионатында Жангелдин аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің мақтанышы, жас дарын Наргиз Бақыт үлкен жетістікке қол жеткізді.
14 жас аралығындағы спортшылар арасында 7 ойын өткізіп, ол құрлықтық додада ІІ-орынды иеленіп, күміс жүлдегер атанды.
Бұл жарысқа Қазақстанмен бірге Түркия, Моңғолия, Өзбекстан, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ресей, Үндістан, Қытай және Қырғызстан сияқты 12 мемлекеттен 150-ден астам қатысушы жиналған еді. Қатысушылардың жоғары деңгейі мен бәсекелестіктің қаталдығына қарамастан, Наргиз өзін нағыз шебер, мықты стратег ретінде көрсетті.
Наргиз Дәуренқызы биылғы жетістігін Қазақ елінде өткен жарыста дәлелдеген болатын. Ол 2024 жылдың жазында Қостанай қаласында ұйымдастырылған балалар және жасөспірімдер арасындағы ХХІV республикалық чемпионатта жеңіске жетіп, Азия чемпионатына жолдама алған еді.
2013 жылдың 15 қарашасында дүниеге келген жас спортшы тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер. Құрлықтық жарыстың күміс жүлдегері атанған Наргиз облыстың 7 дүркін, Қазақстанның 4 дүркін чемпионы. Оның халықаралық додалардағы нәтижесі де айтарлықтай жоғары. 2024 жылдың желтоқсанында Қырғызстанның Бишкек қаласында өткен халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алса, 2025 жылдың 17–27 шілде аралығында Чехияда өткен халықаралық жарыста бір емес, үш бірдей медаль еншілеп, топ жарды.
Жас спортшының бапкері, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Қайрат Айтмағанбетов шәкірті туралы ерекше мақтанышпен айтады:
«Наргиз оқушым 2021 жылдан бастап тоғызқұмалақ үйірмесіне қатысады. 2022 жылдан бастап жоғары нәтиже көрсете бастады. Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы атанды. Халықаралық жарыстарда да тұрақты түрде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Біз жас спортшы Наргиздің болашағынан зор үміт күтеміз», – дейді ол.
Байырғы ұлттық ойын тоғызқұмалақтың беделін көтеріп, ел намысын лайықты қорғап жүрген Наргиз Бақыттың бұл жетістігі аудан ғана емес, облыс деңгейіндегі зор мақтаныш. Жас спортшының алда талай белесті бағындыратынына сенім мол.
Жанкелдин ауданы

Комментарии