Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Шәмші – қазақ вальсінің королі»

Дата: 29.04.2025 Рубрика: Фантазёры
226
0
«Шәмші – қазақ вальсінің королі»
Тау алыстаған  сайын зорая түсетіні сияқты  Шәмші  әндері де қанша дәуір алмасса да өз маңызын жоймайтыны хақ. Биыл қазақ даласын әнімен тербеп, көзі тірісінде-ақ аңызға айналып, халықтың сүйіспеншілігіне бөлеген теңдесіз дарын иесі, аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толып отыр.
Осы мерейлі жылға орай Арқалық қаласындағы облыстық № 2 әмбебап ғылыми кітапханасы балаларға қызмет көрсету бөлімінде қазақтың ұлы композиторының шығармашылық ән мұрасын насихаттау мақсатында «Шәмші – қазақ вальсінің королі» атты  ән-думан өткізілді. 
Кеш қазақ халқының өнер әлемінде өшпестей із қалдырған сыршыл сазгердің талантты қырларын танытатын бала Шәмшінің болмысы сомдалған қойылымнан бастау алды. Қаламыздың мектеп оқушыларының қатысуымен өткен тағылымды шарада дарынды тұлғаның өнер жолындағы жетістігі мен ән өнері жайлы сыр шертетін әдебиеттерден құралған кітап көрмесі ұйымдастырылып, қашанда жабырқаған көңілді жұбатып, шаттыққа бөлейтін Ш.Қалдаяқовтың «Арқалықтың ақ таңы», «Кешікпей келем деп ен», «Арыс жағасында», «Қайықта», «Қуаныш вальсі», «Ана туралы жыр»сияқты  әуезді әндері мен  Қ. Құрманәлінің «Ән-Аға» атты әні шырқалды.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті студенттерінен құралған «Жас толқын» дуэтінің сүйемелдеуімен Шәмші ағамыздың «Дүнген қызы», «Ақ бантик», «Бақыт құшағында» сынды әндері шебер орындалып ән-думанның көркін аша түсті. Сондай-ақ, кеште Ш. Қалдаяқовтың әндеріне негізделген қызықты викториналық ойындар өткізілді.
Шараның қорытынды сөзі балаларға қызмет көрсету бөлімінің  кітапханашысы Г. Сейітқожинаға беріліп, іс-шараға  қатысушыларға алғыс хаттарын табыстады.
Ән көгінде жарқырай жанып, аққан жұлдыздай із тастап өткен дара тұлғаның артында қалған өшпес мұрасы, келер ұрпақтың жүрегінен мәңгі өшпейтіні сөзсіз. 
Күлпара  Абдуллина,
№2 ОӘҒК кітапханашысы
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!