Күлдіре білу – өнер…
Дата: 01.04.2025 Рубрика: Фантазёры
0

Иә, белгілі сатирик Сейіт Кенжеахметұлы: «Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір, күлкіге қалу – өлім» деген екен.
Күлдіре отырып ұрпақты күлкі болмауға баулитын, қоғамның ақ пен қарасын қатар көрсетіп, елге ой салатын талай қағытпа қалжыңдар мен әзіл-сықақтар ел арасында көп. 1 сәуір – Күлкі күні. Бұл күн көпшілікке риясыз күлкі сыйлап, қазақы қалжыңның майын тамызатын жандар үшін ерекше мереке. Ел арасында 1 сәуірді кейбіреулер Алдар көсенің туған күні деп айтады. Шындығында бұл солай ма, жоқ па, белгісіз. Алайда бұл күн елімізде мереке ретінде атап өтілмесе де, жұртшылық арасында күлкі күні – ерекше күн. Бұл күні жора-жолдас, дос-құрбылар бір-біріне әзілдесіп, қалжыңдасады, бір-бірінің көңілін көтереді.

Әлем елдерінде 1 сәуір – Күлкі күні ретінде атап өтілетіні белгілі. Кейбір мемлекеттерде ол «Ақымақтар күні», яғни April Fools’ Day күні деген атауға ие. Бұл ресми мереке болмаса да, әрқашан көңілді өтеді. Жақын адамдар арасында әзілдеп, кейде қызық сыйлықтар беру бұл күннің басты ерекшелігі саналады. 1 сәуірде адамдарда түрлі эмоция байқалады: біреу сеніп қалады, біреу әзілдегенді ұнатады, ал кейбіреулер жалған ақпараттан алыс жүруге тырысады. Жалпы мұндай мереке қалай басталған, кінтізбеге де қалайша енген деген сұрақ туындайтыны бар.
Бұл мереке ежелгі Риммен байланысты деген ақпарат бар. Рим деректері бойынша, ол Күлкі құдайының құрметіне арналған. Римде ақпанның ортасында ақымақтар мерекесі ретінде атап өтілген. Ал тағы бір деректерде Үндістанмен де байланыстырылады. Онда 31 наурызда әзіл мерекесі ретінде тойланған. Еуропада 1 cәуір туралы деректер XVI ғасырда пайда бола бастады. Францияда 1564 жылы король IX Чарльз жаңа жылды 1 сәуірден 1 қаңтарға ауыстыру туралы жарлық шығарған. Кейбіреулер оны ескермей, жаңа жылды 1 сәуірде тойлауды жалғастыра берген. Сөйтіп, ерекше сыйлықтар беріп, әзіл айтқан. Оған басқалары күліп, мазақ еткен. Осылайша, «сәуір ақымақтары» (April’s Fools) деп аталған.
Қазақта да айналасын күлкіге қарық қылып, көңіл-күй сыйлап жүретін жандар бұрыннан бар. Мысалы, барша түркі халықтарына танымал Алдар Көсе – халықтың еңсесін көтеру үшін дүниеге келген кейіпкерлердің бірі. Алдар көсе халықты рухани тұрғыдан аздырмайды, ол туралы әңгімелердің сюжеті де күрделі және философиялық мәні зор. Алдар Көсе өзінің ақылы мен тапқырлығы арқылы сараң байларды, жалқауларды, ақымақ қазыларды алдап, олардың сыбағасын береді.
Күлкі туралы қызықты дерек жинақтаған едік. Бүгінгі адамдар жүз жыл бұрын өмір сүрген адамдарға қарағанда аз күледі. Бөбек үлкен адамға қарағанда 20 есе көп күледі. Әйелдер ерлерге қарағанда әлдеқайда көп күледі. Күліп, көңілді жүретін адамдар жүрек ауруына аз шалдығады. Күлкі деген жұқпалы инфекция тәрізді. Мәселен, біреудің күліп тұрғанын көрсеңіз еріксіз жүзіңізге күлкі үйіріледі. Адам күлгенде бет бұлшықеттері сергіп, қан айналымы жақсарады. Себебі, бір минут күлкі фитнестегі 25 минут жаттығумен тең.
Сонымен, күлкі күні құтты болсын, оқырман! Күлкі болмай, күліп жүрейік.
Комментарии