Қазақтың дәстүрлері
Дата: 01.04.2025 Рубрика: Фантазёры
0

Наурызнамада «Мәдениет және салт-дәстүр күні» бар. Бұл күні халқымыздың мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрін насихаттау бағытында «Орбита» мәдинет орталығында Мемлекеттік тілдегі кітапхананың ұйымдастыруымен «Наурыз береке бастауы» атты наурыз шашуы өтті.
Ұлыстың ұлы күні жалпы ұлттық Наурызнама онкүндігі аясында тойлануда. Қазақ халқының басты құндылықтарының бірі – салт-дәстүрі. Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрге ерекше қарап, әрбірін керек жерінде орындап, сақтап отырған. Халқымыздың мәдени бай мүрасын ұлықтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізу басты мақсатымыз. Салт-дәстүр мен мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Наурыз мерекесіне қала тұрғындары мен А.Байтұрсынұлы атындағы мектептің 8 сынып оқушылары және ұстаздары қатысты. Осындай игі іс шараны «Кездесу» клубы мүшелері мен бірге кітапхана ұжымы қазақтың «Жиенқұрық», «Шаш өру» салтын паш ететін сахналық қойылым арқылы көрсеті. «Қыз – жігіт «айтыс және «Қол күрес», «Сақина салу», ойындары арқылы оқушыларымыз өздерінің біліктілктерін көрсетіп, мерекеге байланысты викториналық сұрақтар қойып, ой бөлісті. Ән айтылып, күмбірлеген күй ойнап, наурыз тойына аталар бата беріп, шашу шашылып , наурыз көже берілді.
Сондықтан, ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі-өнеге тұтуға тиіс. Міне, дәл осылай өзіміздің ұлттық мүдделерімізді өсіп-өрбіп келе жатқан жас жеткеншектер арасында ұлықтап тұрсақ, қазақтың дәстүрі ұмыт болып қалмасы анық.
Гүлбараш Уалиева,
мемлекеттік тілдегі кітапхана меңгерушісі.
Рудный қаласы
Комментарии