Жүрегі жырдан жаралған
Дата: 25.03.2025 Рубрика: Фантазёры
0



«Строительный» кітапхана-филиалы № 15 орта мектеп оқушылырына арнап қазақстан Республикасының Халық жазушысы, ән авторы Тұманбай Молдағалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай «Отан туралы сүйіспеншілікпен» атты әдеби-музыкалық этюд өткізді.
Кітапханашы «Махаббат лирикасының патшасы» презентациясымен бірге ақынның өмірбаяны туралы әңгіме айтылды. Музыкалық шығармашылықтың беттерін ашатын «Тума жырдың Тұманбайы» бейнеролигі көрсетілді. Балалар «Жігіттер» тобының орындауындағы әндерді қызығушылықпен тыңдады. Балалар ақынның «Келді көктем», «Ер арманы» өлеңдерін оқыды. Кітапхана қорынан «Балаларға базарлық» кітап көрмесі, балаларды «Шақырады көктем», «Жиырма бесінші көктем», «Балаларға базарлық» әдеби шыєармаларымен таныстырды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, ақынның тамаша өлеңдерін жігерлене тыңдады.
Сандуғаш Омарова,
кітапханашы
Комментарии