Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Еңбек ерлікке бастайды

Дата: 24.10.2023 Рубрика: Фантазёры
187
0
Еңбек ерлікке бастайды
Еңбек ардагері, Қостанай облысы іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Балбөпе Ертаева Қостанай қаласындағы №28 мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесті. Кездесуді ашқан білім ордасының директоры Жансая Исмайлова отыз жылдан астам облыстық кәсіподақтар кеңесінде жемісті еңбек етіп, төрайымына дейін көтерілген Балбөпе Ғалымжанқызының есімі де, еңбегі де көпке үлгі екенін айтып өтті.
Содан соң мектептің бас ұстазы кештің тізгінін шәкірттеріне берді. Онда мектеп оқушылары көкейлерінде жүрген сұрақтарын еңбек ардагеріне тікелей қою мүмкіндігіне ие болды.
«Экономиканы көтеретін кім? Әрине, еңбекші халық. Оларға әділетті еңбекақы төленсе, әділетті жұмыс орны болса, әділетті еңбегі, заңды құқығы қорғалса, сонда ғана ел экономикасын жоғарғы деңгейге көтере аламыз. Кәсіподақ ұйымдары әділеттікті қолдайдын қоғамдық ұйым. Кезінде кәсіподақ ұйымдары үлкен-кішілі кәсіпорындарда, ауылшаруашылық кешендерінде, бюджеттік мекемелерде түгелдей жұмыс істейтін. Төрт жүз мыңнан артық кәсіподақ мүшелері болды. Өздеріңіз білетіндей, уақыт бір орнынында тұрмайды. Елімізде өзгеріс басталды. Қоғамдық ұйымдарға басқаша көзқарасты да көрдік. Біздің мақсатымыз – еңбекші қауымның аз да болса жағдайын, әл-ауқатын қорғап қалу болды. Мен басқарған уақытта көптеген іс-шаралардың басы-қасында болдым. Елмен, халықпен бірге қиыншылықты жеңіп, тәуелсіздіктің көшіне кірдік», – деп еңбек жолынан сыр шертті.   
Кездесу барысында оқушылар апамыздың өмір жолы туралы сұрады.
Балбөпе Ғалымжанқызы табиғаты сұлу мәуелі мекен – Әулиекөл ауданының Қояндыағаш ауылында  дүниеге келген. 1964 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Семиозер орта мектебін бітіргеннен кейін ол Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түсіп, биология пәнінің мұғалімі мамандығын алып шығады.
«Өмірде қандай дәрежеге қолым жетсе, бір игілікті іс істесем, қоғамнан өз орнымды тауып, дұрыс жүрсем, ең алдымен ата-анамның еңбегі. Әке – балаға сыншы. Біз бес ағайындымыз. Әр салада еңбек етіп, дәрежелі табыстарға ие болдық. Соның бәрі әкеміздің көрегендігінен, ерекше қамқорлығынан деп түсінемін. Егер мен халық сыйлағандай азаматша, ерім сүйгендей жар, балаларым құрметтейтіндей ана бола алсам, соның бәрі ардақты әке-шешеміздің тәрбиесі», – деп Балбөпе Ғалымжанқызы ағынан жарылып.
Балбөпе апамыз зейнетке шыққаннан кейін де қоғамдық жұмыстардан қол үзбеді. Түрлі әлеуметтік жобаларды қолға алды. Қазір Қостанай қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, қалалық ардагерлер кеңесінде де өмірлік тәжірибесімен бөлісуде.
Кездесу соңы мектептің өнерлі оқушыларының концерттік бағдарламасымен аяқталды. Оқушылар мен ұстаздар Балбөпе Ғалымжанқызымен бірге естелік суретке түсті.
Айдана КІНДІКБАЙ,
Қостанай қаласы №28 мектеп-гимназиясының оқушысы.
 
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!