Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Әдебиетке жаны құмар

Дата: 24.10.2023 Рубрика: Фантазёры
131
0
Әдебиетке жаны құмар
     Айғаным Серікқызы Аманкелді жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы. Ол кішкене кезінен бастап өлең-жырға жаны құмар. Өзінің айтуынша әдебиетке жақын болуына қоршаған ортасы әсер еткен.
     — Менің анам кітапханада жұмыс істейді. Өзі де тұрақты оқырман. Жұмыстан келгенде үйге өзі оқып жүрген кітаптарды алып келетін. Мен үшін оларды оқу қызықты болатын. Алғаш 9-10 жасымда Бейімбет Майлиннің  "Шұғаның белгісі" деген кітабын оқыдым. Содан кітапқа деген махаббатым ашылды. Мектептің ұйымдастыруымен көптеген сайысқа қатысып, өз өнерімді көрсеттім. Содан республикалық «Ақберен» өнер байқауы 3 орын, облыстық «Мұқағали оқуларынан» Бас жүлде иелендім, — дейді жас талап.
       Айғанымның алдыға қойған мақсаты биік, талабы жоғары. Болашақта театр және кино актрисасы болғысы келеді. Ынталы оқушы жайлы ұстаздары да жақсы пікірде.
       — Айғаным мектептегі іс-шаралардың бәріне белсенді қатысып келеді. Өлең оқумен бірге ақындық қасиеті де бар. Көбіне көркем әдебиет пен психологиялық кітаптарды оқығанды ұнатады. Өз жанынан өлеңдер жазып, оны аудандық газетке ұсынып тұрады, — дейді ұстазы Бақытгүл Уахитова.
 
Б. ЖҰМАБЕК,
Аманкелді ауданы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!