Балабақша бақыт баспалдағы
Дата: 24.10.2023 Рубрика: Фантазёры
0
236
0
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-патриоттық тәрбие беру. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік өнерге, әнге деген құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне деген сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру мекемесі.
Республикалық мектепке дейінгі мекемелер арасында «Менің елім – Қазақстаным» атты патриоттық әндер байқауы өтті. Негізгі мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың рухани адамгершілік, азаматтық-патриоттық сезімдерін қалыптастыру, музыкалық-көркемдік мәнерлік құралдарымен ұлағатты тарихымыз бен Отанымыздың жетістіктерін насихаттау. Сол байқауда жүлделі бірінші орынды «Балдырған» бөбекжай балабақшасының «Қуыршақ» тобының тәрбиеленушісі Нұрлан Айкөркем Ерсұлтанқызы Тәуелсіздік ел ұраны әнін орындап, облысқа жолдама алды.
Балбақшамыздың жетістігі деп айта аламыз. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік, шығармашылық-патриоттық сезімге тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Әдепті, иманды, жүрегі мейірімге толы болып өссе, есейе келе ата-анасының, өз Отанының мақтанышы болары сөзсіз. Өнерлерің өрге жүзе берсін бүлдіршіндер.
Дина ШАЙКЕМЕЛОВА,
«Балдырған» бөбекжайының тәрбиешісі.

Комментарии