Табиғатты қорғайтын жастар
Дата: 07.07.2026 Рубрика: Экология и творчество
0
6
0

Науырзым ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында және «Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен «Жүгір және тазала» атты экологиялық плоггинг акциясы өтті. Қоршаған ортаны қорғау мен салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен шараға жастар, еріктілер және аудан тұрғындары белсене қатысты.
Плоггинг – жүгіруді қоршаған ортаны тазалаумен ұштастыратын заманауи экологиялық қозғалыс. Акция барысында қатысушылар белгіленген бағыт бойынша жүгіріп өтіп, жол бойындағы және қоғамдық орындардағы тұрмыстық қалдықтарды жинады. Осылайша олар бір мезетте денсаулықтарын шыңдап қана қоймай, туған өлкенің тазалығына өз үлестерін қосты.
Осылайша жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру, бұқаралық спортты дамыту және зиянды әдеттердің алдын алуды насихаттады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырып, қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамауға тәрбиелейді. Акцияға қатысушылар қоршаған ортаның тазалығы әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын атап өтті. Олар тұрғындарды табиғатты аялауға, қоғамдық орындарда тазалық сақтауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
«Жүгір және тазала» акциясы экология мен спорттың өзара үндесетінін көрсеткен тағылымды бастама болды. Таза орта – дені сау қоғамның кепілі. Сондықтан туған жердің көркеюіне үлес қосу әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі бастамалар қоршаған ортаға деген жанашырлықты арттырып қана қоймай, жастардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

Комментарии