Жаңа экопарк бой көтереді
Дата: 14.07.2026 Рубрика: Экология и творчество
0
3
0

Қоршаған ортаны қорғау мен елді мекендерді көркейту – бүгінде мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.
Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында өңірлерде табиғатты сақтау, жасыл аймақтарды көбейту және тұрғындар үшін қолайлы қоғамдық кеңістіктер қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осы игі бастаманың нақты көрінісі ретінде Қостанай ауданындағы Мичурин ауылы маңындағы мемлекеттік орман қоры аумағында жаңа экопарктың құрылысы басталды.
Жобаның ресми ашылу рәсіміне Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, экологиялық бастамалардың өңірдің тұрақты дамуына қосатын үлесін ерекше атап өтті.
– Саябақтарды көбейту – өңірдегі экологиялық және климаттық жағдайды жақсартудың маңызды тетігі. Соңғы екі жылда облыс орталығында заманауи үлгідегі жеті саябақ пайдалануға берілді. Осы уақыт ішінде 277 мыңнан астам ағаш пен көшет отырғызылды. Биыл тағы 77,4 мың ағаш егу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының ірі қалалар мен облыс орталықтарының маңында экопарктер құру жөніндегі тапсырмасына сәйкес облысымызда екі экопарк салынады. Бүгін соның алғашқысының құрылысын бастап отырмыз, – деді өңір басшысы.
Жаңа экопарктың жалпы аумағы 43,8 гектарды құрайды. Құрылыс барысында табиғи орман алқабы барынша сақталып, инфрақұрылым қолданыстағы ландшафтқа бейімделе отырып жүргізіледі. Жобаның жалпы құны – 660 миллион теңге. Экопарк тұрғындардың белсенді әрі қауіпсіз демалуына арналған заманауи қоғамдық кеңістікке айналмақ. Мұнда футбол және волейбол алаңдары, воркаут аймағы, балалар ойын алаңдары, демалыс орындықтары, беседкалар, автотұрақтар орналастырылады. Сонымен қатар ұзындығы 2 525 метр болатын велосипед жолы мен 2 015 метрлік жүгіру жолы салынады.
Қостанай ауданының әкімі Олжас Нұрғалиевтің айтуынша, жоба аясында 300 автокөлікке арналған тұрақ пен салынып жатқан «Астана» тұрғын үй шағын ауданына апаратын жерасты өткелі де қарастырылған.
– Экопарктың басты ерекшелігі – табиғи орманды сақтай отырып, тұрғындардың күнделікті серуендеуіне, спортпен айналысуына және отбасылық демалысына қолайлы жағдай жасау. Бұл – табиғатты қорғау мен заманауи инфрақұрылымды үйлестірген жоба, – деді аудан әкімі.
Жоба тек демалыс аймағын салумен шектелмейді. Ол өңірдің экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам саналады. Жасыл кеңістіктердің көбеюі ауаның сапасын жақсартып, жазғы аптапты бәсеңдетуге, биологиялық әртүрлілікті сақтауға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.
Бүгінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Қостанай облысында елді мекендерді абаттандыру, ағаш отырғызу, саябақтарды жаңғырту, өзен-көлдердің жағалауын тазарту және заңсыз қоқыс орындарын жою бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Мұндай бастамалар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын күшейтеді.
Мичурин ауылындағы экопарк – табиғатты сақтай отырып дамудың, қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастырудың және «Таза Қазақстан» идеясының нақты іске асып жатқанын айғақтайтын маңызды жобалардың бірі. Болашақта бұл орын Қостанай тұрғындарының ғана емес, облыс қонақтарының да сүйікті демалыс мекеніне айналмақ.

Комментарии