Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Табиғат ғажайыбы – балаларымыздың қолында

Дата: 30.06.2026 Рубрика: Экология и творчество
5
0
   Табиғат ғажайыбы – балаларымыздың қолында
Н.Наушабаев атындағы мектеп-­гимназия жанындағы жазғы лагерьде ерекше шығармашылық күн өтті. Бұл жолғы іс-шараның басты тақырыбы – табиғаттың сұлулығын табиғаттың өз материалдары арқылы бейнелеу болды.
Балалар жапырақтар, гүл күлтелері, шөптер мен бұтақтарды пайдаланып, бір-бірінен ерекше туындылар жасады. Қарапайым табиғи материалдар олардың қиялымен үндесіп, ғажайып көркем жұмыстарға айналды. Бірі үйеңкі жапырағынан ертегі құсының қанатын құрастырса, енді бірі түрлі-­түсті гүлдерден көз тартар табиғат көрінісін бейнеледі. Кейбір балалар аң-құстардың бейнесін жасаса, өзгелері тұтас гүлзарлар мен орман әлемін қағаз бетіне түсірді.
Шығармашылық жұмыс барысында балалар табиғаттың әрбір бөлшегіне мұқият қарап, оның әсемдігін сезіне білді. Мұндай сабақтар олардың қиялын дамытып қана қоймай, табиғатты аялауға, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелейді.
Күн соңында жасалған жұмыстардың шағын көрмесі ұйымдастырылып, әр бала өз туындысын таныстырды. Балдырғандар өз идеяларын ортаға салып, бір-бірінің еңбегіне ризашылықтарын білдірді.
Табиғат – сарқылмас шабыт көзі. Ал балалардың қиялы мен шығармашылығы сол шабытты әсем дүниеге айналдыра алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!