Жәндіктерге арналған ерекше үйлер
Дата: 16.06.2026 Рубрика: Экология и творчество
0
6
0

Қостанай облысында табиғатты қорғауға бағытталған ерекше экологиялық акция басталды.
Енді облыстың саябақтары мен демалыс орындарында жәндіктерге арналған арнайы ұяларды кездестіруге болады. Бұл игі бастаманы эко белсенді Наурызбек Бірмағамбетов қолға алған.
Акция аясында облыс бойынша 100-ден астам жәндік ұясы орнатылды. Олар аралар, қоңыздар және басқа да пайдалы жәндіктер үшін қауіпсіз мекен болмақ. Алғашқы ұялар Қостанай қаласындағы Орталық саябаққа, Триатлон паркіне және Жеңіс саябағына орналастырылды.
Неліктен жәндіктерге арнайы ұялар қажет? Өйткені табиғаттағы әрбір тіршілік иесінің өз орны бар. Мысалы, аралар гүлдерді тозаңдандырып, жеміс-жидек пен көкөністердің өсуіне көмектеседі. Ал қоңыздардың кейбір түрлері өсімдіктерге зиян келтіретін жәндіктерді жояды. Сондықтан оларды қорғау – табиғатты қорғаудың маңызды бөлігі.
– Аралар өсімдіктердің тозаңдануын қамтамасыз етеді, ал қоңыздар зиянкестермен күресуге көмектеседі. Мұндай ұялар қоғамдық орындардағы табиғи тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді, – дейді «Neco» экологиялық клубы қоғамдық қорының жетекшісі Наурызбек Бірмағамбетов.
Айта кетерлігі, орнатылған ұялардың бірін арнайы түзету интернатының 7-сынып оқушысы жасап, сыйға тартқан. Бұл балалардың да табиғатты қорғау ісіне белсенді қатысып жатқанын көрсетеді. Экологиялық жобаны жүзеге асыруға Қостанай облысының қоғамдық даму басқармасы қолдау білдірді. Акцияға 60-тан астам жас қатысып, ұяларды орнатуға көмектесті. Ұйымдастырушылар бұл бастамамен шектеліп қалмай, болашақта жәндіктерге қолайлы орта қалыптастыру үшін түрлі гүлдер мен өсімдіктер егуді жоспарлап отыр.
Мамандардың айтуынша, мұндай ұяларға ерекше күтім қажет емес. Тек ара-тұра тексеріп, бүлінген жерлері болса жөндеп қою жеткілікті. Бұл жоба Қазақстандағы алғашқы бастамалардың бірі саналады. Ал әлемнің көптеген елдерінде жәндіктерге арналған «қонақүйлер» әлдеқашан кең таралған. Олар биологиялық әралуандылықты сақтауға және табиғатты қорғауға үлкен үлес қосып келеді.
Табиғатты қорғау тек сенбілікке шығып немесе қоқыс жинаумен ғана шектелмейді. Кейде кішкентай ғана қамқорлықтың өзі үлкен өзгеріске бастайды. Жәндіктерге арналған ұялар – соның айқын дәлелі. «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын орындау тек қана қоқыс жинаумен, сенбілікке шығумен шектелмесе керек. Наурызбек секілді қоршаған ортаның жай-күйіне сүйіспеншілікпен қарап, табиғатты аялау әлде қайда тиімді. Ендеше, жас достар, табиғатты аялау әрқайсымыздан басталатынын ұмытпайық! Құстарға жем салғыш ілу, ағаш отырғызу, гүл егу немесе жәндіктерге қамқор болу арқылы туған өлкемізді көркейтуге өз үлесімізді қоса аламыз.
Айсара Серік, оқушы

Комментарии