Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ескі шинадан жаңа өнімге дейін

Дата: 23.06.2026 Рубрика: Экология и творчество
7
0
Ескі шинадан жаңа өнімге дейін
«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Рудный қаласының оқушылары ерекше өндіріс орнында болып қайтты. Олар Перцев ауылындағы пайдаланылған автокөлік шиналарын қайта өңдейтін зауыттың жұмысымен танысты.
Зауытта ескі шиналар арнайы құрылғылар арқылы өңделіп, резеңке үгіндісіне айналады. Бұл үгінді балалар ойын алаңдарына, спорт алаңдарына арналған жұмсақ жабындар жасауға пайдаланылады. Сонымен қатар жол құрылысына да қажет. Экскурсия барысында оқушылар қалдықтардың қалай қайта өңделетінін өз көздерімен көрді. Мамандар өндірістің әр кезеңін таныстырып, қайта өңдеудің табиғатты қорғаудағы маңызын түсіндірді.
«Бұрын ескі шиналардың қайда кететінін ойламаппын. Бұл жерде олардың қайта өңделіп, пайдалы өнімге айналатынын көріп таңғалдым. Әр адам табиғатты таза ұстауға үлес қосуы керек деп ойлаймын», – дейді №15 мектептің оқушысы Ханшайым Тайкешова.
Оқушылардың айтуынша, мұндай танымдық экскурсиялар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйретеді және экология саласына деген қызығушылықты арттырады.
Мамандардың айтуынша, болашақта зауытта резеңкеден түрлі плиткалар мен тартан жабындары өндірілмек. Бұл табиғатты қорғауға, қоқыс көлемін азайтуға және қоршаған ортаны таза ұстауға көмектеседі. Жоба «Жасыл даму» АҚ қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Мұндай бастамалар еліміздегі экологиялық мәдениетті қалыптастырып, «Таза Қазақстан» идеясының жүзеге асуына үлес қосуда.
Рудный қаласы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!