Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қарабатыр мектебіндегі жылыжай

Дата: 09.06.2026 Рубрика: Экология и творчество
5
0
Қарабатыр мектебіндегі жылыжай
Қамысты ауданына қарасты Қарабатыр ауылындағы мектепте заманауи экологиялық жылыжай іске қосылды. Бүгінде жоба аясында 7-8 сынып оқушылары алғашқы өнімдерін баптап, өсіруде.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында қолға алынған бұл бастама ауыл балалары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Жоба Қамысты ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде және «Neco» экологиялық клубы» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылды.
Аудандық бюджеттен бөлінген қаржының жалпы көлемі 600 мың теңгені құрайды. Аумағы 18 шаршы метр болатын шағын жылыжай бүгінде нағыз ғылыми-­тәжірибелік алаңға айналған. Мұнда оқушылар биология пәні бойынша тек теориялық білім алып қана қоймай, өз қолдарымен зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
– Бұл жоба балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және еңбек дағдыларын дамытуға бағытталған. Күн жылына салысымен, наурыз айында қияр мен қызанақ өсіруді бастауды жоспарлаған болатынбыз. Қазіргі таңда бұл жоспар өз нәтижесін беріп, көктемде егілген өнімді оқушылар ерекше қамқорлықпен күтіп-­баптап жатыр, – дейді Қарабатыр жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Торғын Ибрагимова.
«Neco» экологиялық клубы» қоғамдық қорының өкілі Наурызбек Бірмағамбетовтің айтуынша, бұл жоба бір ғана мектеппен шектелмейді. Бүгінде облыстық білім басқармасымен бірлесіп, өңірдегі 200-ден астам белсенді эко-көшбасшы мен ең белсенді 50 мектептің басын біріктіретін үлкен қауымдастық құрылған.
2025 жылдан бастап мектеп аулаларына жылыжай орнату жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда, яғни 2026 жылдың көктемінде, дәл осындай бес жылыжай толық іске қосылып, білім беру және тәжірибелік мақсатта сәтті қолданылып жатыр.
Ұйымдастырушылардың ауқымды жоспары бойынша, алдағы уақытта Қостанай облысын еліміздегі экологиялық білім берудің көшбасшы өңіріне айналдыру көзделіп отыр. Осы мақсатта 100 мектеп жылыжайын, жеміс ағаштарына арналған 100 шағын бақты, 50 қайта өңдеу шеберханасын ашу, сондай-ақ мектеп эко-белсенділеріне 500 велосипед пен 100 велобоксты пайдалануға беру жоспарланған. Бұдан бөлек, үздік белсенділерге арналған 10 білім грантын тағайындау көзделуде.
Мамандардың пікірінше, мектеп қабырғасындағы мұндай экологиялық тәрбие жас ұрпақтың табиғатты аялауға деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын саналы буынның қалыптасуына ықпал етеді.
Айзере Қыдырбек, жас тілші

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!