Табиғатты аяла
Дата: 02.06.2026 Рубрика: Экология и творчество
0
5
0

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Ұзынкөл ауданында Балықты көлінің жағалау аймағын тазартуға бағытталған «Мөлдір бұлақ» акциясы өз жалғасын тапты.
Табиғатты қорғауға бағытталған игі шараға оқушылар, педагогтер, ата-аналар және білім бөлімінің қызметкерлері белсене қатысты.Акция барысында қатысушылар көл жағалауын тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстан тазалап, аумақты ретке келтірді. Сонымен қатар демалушылар жиі келетін орындар абаттандырылып, табиғи ортаның тазалығын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шараға қатысқан жастар туған жер табиғатын аялаудың маңызын түсініп, экологиялық мәдениеттің қоғам үшін қаншалықты қажет екенін көрсетті. Әсіресе оқушылардың белсенділігі мен табиғатқа жанашырлық танытуы көпшілікке үлгі болды.
«Мөлдір бұлақ» акциясы ортақ мақсат жолында адамдарды біріктіретін жарқын бастамаға айналып отыр. Табиғатты болашақ ұрпаққа таза әрі көркем күйде жеткізу баршаға ортақ міндет екені тағы бір мәрте дәлелденді. Осындай экологиялық шаралар арқылы өңір тұрғындарының қоршаған ортаға деген жанашырлығы артып, туған өлкенің табиғи байлығын сақтау ісі нығая түсуде.
фото с просторов Интернета

Комментарии