Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Үздік экологиялық жобалар

Дата: 02.06.2026 Рубрика: Экология и творчество
5
0
Үздік экологиялық жобалар
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының тапсырысы бойынша «NECO» экологиялық клубы» қоғамдық қоры жүзеге асыратын облыстық экологиялық жобалар байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. І
с-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамаларды қолдау және білім беру ұйымдарындағы экологиялық жобаларды дамыту болды.
Байқау барысында өңір мектептері өздерінің тың идеялары мен табиғатты қорғауға бағытталған жобаларын таныстырды. Қатысушылар көгалдандыру, қалдықтарды қайта өңдеу, экологиялық ағарту және қоршаған ортаны сақтау бағытындағы бастамаларын ұсынып, сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды.
Нәтижесінде «Қостанай қаласы білім бөлімінің №18 мектеп-­гимназиясы» КММ, «Қарасу ауданы білім бөлімінің Октябрь жалпы білім беретін мектебі» КММ және «Рудный қаласы білім бөлімінің Қашар №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ көгалдандыру жұмыстарын жүргізу әрі өздерінің экологиялық жобаларын жүзеге асыру үшін 100 көшеттен алды. Бұл көшеттер білім беру ұйымдарының аумақтарын абаттандыруға және жасыл желекті көбейтуге бағытталмақ.
Ал «Қостанай ауданы білім бөлімінің Заречный мектеп-­лицейі» КММ ресайклинг шеберханасын орнатуға арналған сертификаттың иегері атанды. Аталған жоба оқушылардың қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар өздерінің экологиялық бастамаларын жүзеге асыруға арналған 500 мың теңге көлеміндегі грантты «Қостанай қаласы білім бөлімінің №8 жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің Береговой жалпы білім беретін мектебі» КММ және «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Н. Островский атындағы Аманқарағай жалпы білім беретін мектебі» КММ иеленді. Бұл қаражат білім беру ұйымдарында экологиялық жобаларды дамытуға, тәжірибелік жұмыстар жүргізуге және оқушылардың табиғатты қорғау бағытындағы бастамаларын қолдауға жұмсалады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай байқаулар жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық ойлау мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар бұл жобалар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты істерге белсенді араласуына жол ашады.

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!