Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Табиғатқа қамқорлық – ортақ міндет

Дата: 21.04.2026 Рубрика: Экология и творчество
7
0
  Табиғатқа қамқорлық – ортақ міндет
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен Халықаралық құстар күні аясында Шолақсай жалпы білім беретін мектебі оқушыларының қатысуымен құстарға ұя жәшіктерін орнату бойынша мазмұнды экологиялық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды табиғатты аялауға баулу, құстарды қорғауға және қоршаған ортаға жанашырлық көзқарас қалыптастыру. Осындай игі бастамалар арқылы жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениет қалыптасып, табиғатқа деген жауапкершілік сезімі арта түсетіні сөзсіз.
Шара барысында оқушылар өз қолдарымен дайындаған ұя жәшіктерін мектеп ауласы мен айналадағы ағаштарға іліп, құстарға жайлы мекен сыйлады. Әрбір орнатылған ұя – балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігінің нақты көрінісі болды.
Мұндай игі істер тек құстарға қамқорлық жасаумен шектелмей, оқушылардың еңбекқорлығын, ұйымшылдығын және табиғатқа деген жанашырлығын арттыра түседі.
Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Құстарға қамқорлық жасап, қоршаған ортаны бірге аялау – келер ұрпақ алдындағы парызымыз.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!