Табиғат қорғау – ортақ іс
Дата: 12.05.2026 Рубрика: Экология и творчество
0
12
0

Қазақтың сайын даласы – табиғи сұлулық пен байлықтың қайнар көзі. Сол асыл қазынаның бірі – Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы.
Биыл бірегей табиғи аймақтың құрылғанына 95 жыл толып отыр. Қорық қызметкерлері табиғатты қорғау жолында жыл сайын ауқымды жұмыстар атқарып, оның маңызын қоғамға кеңінен түсіндіріп, жұртшылықты ортақ іске жұмылдырып келеді. Осындай игі бастамалардың жалғасы ретінде қаламыздағы Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі базасында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыруға, жастардың экологиялық санасын арттыруға бағытталған науқанға жастар белсене қатысты.
«Таза Қазақстан» бастамасы мен жыл сайынғы «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясына жастар тыңғылықты әзірленіпті. Қорық мамандары мен білім ордасы арасындағы байланыс бұрыннан қалыптасқан. Биыл бұл әріптестік жаңа деңгейге көтеріліп, «Қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша меморандумға қол қойылды. Болашақта эколог мамандарды даярлауға бағытталған нақты қадам.
«Меморандум аясында студенттер қорыққа барып, тәжірибеден өтуге мүмкіндік алады. Бұл – теориялық білімді тәжірибемен ұштастырудың тиімді жолы. Табиғатты қорғау ісіне ерте араласқан жас мамандардың жауапкершілігі де жоғары болмақ», – дейді Қорық директорының орынбасары Еламан Күмісбеков.
Оның айтуынша, мұндай тәжірибелік сабақтар студенттердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастырады. Болашақ мамандар қорық аумағындағы биоалуантүрлілікті сақтау, экожүйені зерттеу, табиғатты қорғау шараларын ұйымдастыру бағытында нақты дағдыларды меңгереді. Сонымен қатар, олар ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып, өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
«Жастардың табиғатты қорғау ісіне белсенді араласуы – болашақтың кепілі. Біз үшін тек маман даярлау емес, табиғатты шынайы сүйетін, оған жауапкершілікпен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу маңызды», – дейді ол.
Іс-шара барысында колледж студенттері арасында плакаттар мен макеттер байқауы ұйымдастырылып, үздіктер марапатталды. Жастардың шығармашылық жұмыстары табиғатқа деген жанашырлықты, экологиялық мәдениетті айқын көрсетті. Қатысушылар колледж ауласында және қаладағы екі балабақша маңайына ағаш көшеттерін отырғызды.
Қорық директорының орынбасары Еламан Күмісбеков 25 сәуір күні «Парктер шеруі» акциясы Науырзым ауданында ресми ашылғанын атап өтті. Оның сөзінше, басталған игі іс жыл бойы жалғасын табады. Себебі экологиялық бастама тек бір күндік шара емес, жүйелі түрде жүзеге асатын маңызды бастама.
Жалпы, «Парктер шеруі» акциясы – әлемдік деңгейде тамыры тереңге кеткен қозғалыс. Алғаш рет 1840 жылы АҚШ-та ағаш отырғызу күні ретінде бастау алған бұл бастама 1882 жылы ресми мереке ретінде бекітілді. Кейін 1970 жылдан бастап «Жер күні» ретінде кеңінен аталып өтіп, 1990 жылы «Парктер шеруі» атауымен халықаралық деңгейде ұйымдастырыла бастады. Қазақстан бұл бастамаға 1997 жылы қосылып, содан бері жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Акция қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру және қоғам назарын экологиялық мәселелерге аударуды көздейді. Бүгінде бұл бастамаға еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған адам қатысып, оның ауқымы кеңейе түсуде.
Әсіресе, мектеп оқушылары мен студенттер арасында экологиялық тәрбие беру бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңызы зор. Өскелең ұрпақ табиғатты қорғаудың маңызын терең түсініп, оны сақтауға үлес қосқанда ғана болашаққа сеніммен қарай аламыз.

Комментарии