Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қақпақтарды да іске жаратуға болады

Дата: 18.11.2025 Рубрика: Экология и творчество
46
0
Қақпақтарды да іске жаратуға болады
Қарабалық ауданында қоршаған ортаны қорғау мен қайырымдылықты ұштастырған ерекше бастама «Мейірімді қақпақ» деп қызық атау берген экологиялық акциясы жалғасын табуда.
Игі істі аудандық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған. Акцияның басты мақсаты – пластикалық қақпақтарды жинап, оларды қайта өңдеуге жіберу, сондай-ақ жиналған қаражатты балалардың еміне бағыттау.
Бастаманы ауданның білім беру ұйымдары, еңбек ұжымдары мен тұрғындары үлкен ынтамен қолдады. Қысқа уақыт ішінде 40 келіден астам пластикалық қақпақ жиналды. Мұндай көрсеткіш аудан тұрғындарының экологиялық мәдениетке, табиғатты қорғауға және мейірімділік істеріне деген белсенді қатысуының айғағы.
Жастар ресурстық орталығының басшысы Ирина Алтынникова бұл бастама жайында былай деді:
«Акцияға ниет білдірушілер белсене қатысуда. Қақпақтарды мектеп оқушылары, ата-аналар мен еңбек ұжымдары жинап жатыр. Осындай қолдаудың арқасында бұл акция енді тұрақты түрде жүзеге асатын болады», – деді ол.
«Бұрын біз жиналған қақпақтарды көрші мемлекетке жіберетінбіз. Қазір Қостанай қаласында осы іспен айналысып жүрген азаматтармен байланыс орнаттық. Енді қақпақтардан түскен қаражат еліміздегі балалардың еміне жұмсалатын болады. Бұл бастама тек табиғатты қорғап қана қоймай, мейірімділік пен ізгілікті де насихаттайды», – дейді орталықтың белсендісі, экологиялық бастамалардың тұрақты қатысушысы Екатерина Афанасьева
Акцияның тағы бір ерекшелігі – оның қолжетімділігі мен жалпыхалықтық сипатында. Жастар ресурстық орталығының ғимаратында арнайы қорап орнатылған, кез келген тұрғын ыңғайлы уақытта келіп, жиналған қақпақтарды сонда қалдыра алады. Осылайша әр адамның табиғатты қорғауға және игі іске үлес қосуға мүмкіндік беретін қарапайым әрі әсерлі қадам.
Бүгінде акция Қарабалық ауданында экологиялық мәдениетті дамытудың, қоғамды қайырымдылыққа жұмылдырудың маңызды құралына айналды. Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың парызы. Ал мейірімділік жасау адамдықтың биік өресі. Акция осы екі құндылықты біріктіріп, қоғамда ізгілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға жол ашып отыр.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!