Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Мектеп жанынан жылыжай ашылды

Дата: 18.11.2025 Рубрика: Экология и творчество
40
0
 Мектеп жанынан жылыжай ашылды
«Таза Қазақстан» жобасы аясында Қарабатыр ауылындағы мектеп жанынан заманауи жылыжай орнатылды. Игі іс «Қамысты ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Neco» экологиялық клуб қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылды. Енді оқушылар биология пәнінен алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыруға мүмкіндік алады.
Негізгі мақсат оқушыларды еңбекке тәрбиелеп қана қоймай, кәсіби бағдар бере отырып, белгілі бір мамандыққа баулу. Сондай-ақ, балалар мұнда көкөніс өсірудің әдістерін үйреніп, еңбек етуге үйренеді. Мұғалімдер де оқушылармен тығыз байланыста сабақты практикамен ұштастырып өткізуге мүмкіндік туып отыр.
Жобаның жалпы құны 600 мың теңге, қаражат аудандық бюджет есебінен бөлінген. 18 шаршы метр аумақты қамтитын жылыжайда оқушылар биология пәні бойынша тәжірибелік және зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік алады.
– Бұл жоба балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, еңбек дағдыларын дамытуға бағытталған. Күн жылына наурыз айында қияр мен қызанақ өсіруді бастауды жоспарлап отырмыз, – дейді Қарабатыр ауылының әкімі Аманжол Қабылхан.
Жылыжайдың ашылуы ауыл мектебі үшін тың мүмкіндік болып, жас ұрпақтың табиғатты аялауға деген сүйіспеншілігін арттырмақ. Жылыжай мен зертханадағы сабақтар «Жаратылыстану» және «биология» пәндері бойынша өтеді. Оқушылар өңірдің жағдайына бейімделген өсімдіктерді өсіру технологияларын таңдау бойынша зерттеу жүргізетін болады. Жылыжай өнімдерін баптайтын бағбандар емес, оқушылардың өздері. Экожоба балаларға табиғатты қорғауды ғана насихаттамай, өсімдік өсіріп, өнім алу жолдарын теориялық-­тәжірибелік тұрғыдан үйретеді.
Айта кетейік, болашақта мектеп оқушылары жылыжай кешенінде ғылыми-­зерттеу жұмысын жүргізіп, түрлі байқауларға да қатысатын болады. Мұндай жоба Қамысты ауданы бойынша Қарбатыр ауылында алғаш рет ашылуда.
Айзия ҚЫДЫРБЕКҚЫЗЫ, С. Мәуленов атындағы гимназияның оқушысы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!