Жасыл желекті Қостанай
Дата: 30.09.2025 Рубрика: Экология и творчество
0
96
0
Қостанай қаласының маңайы жасыл желекке бөленген орман алқаптарына бай. Қала тұрғындары демалыс күндері осында барып серуендеп, саф ауамен тыныстағанды әдетке айналдырған. Алайда табиғат аясында демалғанда артымызды жинамай, қоқыс қалдырып кету әдетке айналып бара жатқаны жасырын емес. Бұл – тұмса табиғаттың тазалығына қиянат.
Тазалықты сақтайық![]()
Осы олқылықты түзеу мақсатында қала жастары мен белсенді тұрғындар бірігіп, сенбілік ұйымдастырды. Акцияға 250-ге жуық ерікті қатысып, орман алқабын қоқыстан тазартып, табиғаттың әсемдігін қайта жаңғыртты. Мұндай шаралар тек тазалыққа емес, қоғамның экологиялық мәдениетін көтеруге де ықпал етпек.
Қала маңындағы орман алқабын тазарту бастамасын «Ожерелье зеленых практик» қоғамдық бірлестігі көтерді. Бірлестік Қостанай индустриалды педагогикалық колледжінің қолдауымен және облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен бірге «Лесопарк» орман алқабын күл-қоқыстан арылтты. Сенбілікке колледжден 250-ге жуық студент қатысып, бір күннің ішінде 15 текше метр қоқыс шығарылды.
Студенттер қапшықтарға түрлі қалдықтарды толтырып жарысып, айналаны әп-сәтте ретке келтірді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген осы. Табиғатқа деген жанашырлықты олар сөзбен емес, іспен дәлелдеп көрсетті.
Солардың бірі – колледждің 1-курс студенті, денешынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығына биыл ғана оқуға түскен Аслан Бисембаев. Ол үзеңгілестерінің ішінде көбірек қоқыс жинап, еңбегімен ерекшеленді.
«Оқытушыларымыз қала сыртындағы орманда сенбілік өтетінін хабарлады. Мен ерікті түрде келістім. Өйткені таза ауада еңбек еткенді ұнатамын. Кез келген адам қоғамдық жұмысқа атсалысқаны дұрыс. Табиғатты қорғау – бәрімізге ортақ міндет», – дейді студент.
Ал Қостанай индустриалды педагогикалық колледжінің педагог-ұйымдастырушысы Екатерина Усова сенбіліктің тәрбиелік мәніне тоқталды:
«Біз екі жылдан бері орман алқабын пайдаланушылармен ынтымақтастық орнатқанбыз. Былтырдан бері тұрақты түрде тазалау жұмыстарына үлес қосып келеміз. Сенбілікке шығу жастар үшін пайдалы. Біріншіден, студенттердің бір-бірімен танысып, жаңа ортаға бейімделуіне көмектеседі. Екіншіден, таза ауада тынығып, бой жазуға таптырмас сәт. Қоршаған ортаны қоқыстан арылтып, табиғаттың тазалығын сақтаудың өзі тәрбиенің бастауы», – дейді ол.
Белсенді жастар
Сенбілікке облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері де қатысып, өңірдің экологиялық ахуалына қатысты маңызды мәселелерге тоқталды. Басқарма соңғы жылдары табиғатты қорғауға бағытталған бірқатар акциялар ұйымдастырған. Олардың қатарында «Бірге таза Қазақстан», «Қоқыс шығарушы ұйымдардың үздік маманы», «Мөлдір бұлақ», «Таза қала» және басқа да экологиялық бастамалар бар. Бұл шараларға мемлекеттік органдармен бірге еріктілер, экобелсенділер және қала тұрғындары жұмылдырылып келеді.
Сонымен қатар басқарма рұқсатсыз жерге қоқыс төгіп, экологиялық әрі санитарлық нормаларды сақтамайтын ұйымдармен күресті де назардан тыс қалдырмаған. Биылдың өзінде облыс аумағынан 134 рұқсат етілмеген қоқыс полигоны анықталыпты. Оның 89-ы толығымен жойылса, үшеуі қоқыс алаңы ретінде расталмаған. Бұл көрсеткіштің өзі аймақтағы экологиялық жағдайдың әлі де өзекті екенін аңғартады.
«Лесопарк» демалыс базасының бастамасымен ұйымдастырылған сенбілікке студенттердің белсенді қатысуы көңіл қуантады. Жастардың табиғатты қорғау ісіне ерікті түрде үлес қосуы – олардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы маңызды қадам. Өйткені жүрген жерінде қоқыс шашып, айналаны ластауға болмайтынын әрбір жас ұғынуы тиіс.
Облыстық басқарманың Табиғатты қорғау бағдарламалары бөлімінің бас маманы Әділбек Мырзатаев экологиялық жауапкершілікті арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталып өтті:
«Біздің басқарманың рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын тікелей қадағалау құзыреті жоқ. Дегенмен жауапты ұйымдармен бірлесе отырып, заңсыз қоқыс орындарын анықтап, ол туралы жергілікті әкімдіктерге хабарлаймыз. Егер қоқыс үйіндісі жекеменшік аумақта болса, полиция қызметкерлерімен, экология департаментімен және аудан-қала әкімдіктерімен бірге барып, меншік иесіне рұқсатсыз жиналған қалдықтарды тазартуды міндеттейміз. Ал жастардың бүгінгі белсенділігі – бұл бағыттағы жұмысымыздың маңызды қолдауы», – деді ол.
Осылайша, сенбілік тек орманды қоқыстан арылтумен шектелмей, қоғамның экологиялық мәдениетін көтеруге, жас буынды табиғатты қорғауға баулуға бағытталған маңызды іс-шараға айналды.
Табиғатқа қамқорлық
Сенбілікті ұйымдастырушы – «Ожерелье зеленых практик» қоғамдық бірлестігі. Оның президенті Галина Шнайдер 2016 жылдан бері экологиялық бағыттағы маңызды жобаларды жүзеге асырып келеді. Әлемдік экологиялық қор және саяжай иелерімен бірлесіп, көпжылдық бастамаларды атқарған. Соның ішінде тамшылатып суару жобасы тәжірибеден өткізілген. Нәтижесінде бұл әдіс орман шаруашылығында су шығынын төрт есеге дейін қысқартып, өсімдік ауруларын азайтып, топырақ құнарын жақсартып, өнімділікті арттыратыны дәлелденген. Маманның айтуынша, ата-әжелеріміз қолданған дәстүрлі әдістерді заманауи технологиямен ұштастыра білсек, табиғи әрі экологиялық таза өнім алуға толық мүмкіндік бар.
«Біз орман тазалығына бейжай қарамайтын ұйымдармен әріптестік орнаттық. Мәселен, «Таза Қазақстан» жобасы басталғалы бері индустриалды-педагогикалық колледжбен тығыз байланыстамыз. Колледж бастама көтерсе, біздің бірлестік оны қолдап отырады», – дейді Галина Шнайдер.
Кейбір адамдар орманға серуендеуге келіп, қоқыс шашып кетеді. Артынан жинамайды. Қазір ормандардың бәрі жалға берілмеген. Егер аумақ бизнес иесіне тиесілі болса, ол қадағалайды. Ал бос жатқан жерлердің тазалығы кімнің мойнында? Осы тұрғыдан алғанда жастардың табиғатқа жанашырлық танытып, ортақ іске атсалысқаны қуантады. Табиғатты таза ұстау адамзаттың парызы.
Айсара Серік, оқушы
Тазалықты сақтайық

Комментарии