Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Жасыл ел» бағдарламасы сәтті іске асып жатыр

Дата: 12.08.2025 Рубрика: Экология и творчество
429
0
«Жасыл ел» бағдарламасы  сәтті іске асып жатыр
Жазғы маусымда Наурызым ауданында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысы ерекше белсенділікпен жүзеге асуда. Аталған бағдарламаға аудан бойынша жалпы 3 786,0 мың теңге қаржы бөлініп, бұл қаражат жастарды маусымдық еңбекке тартуға мүмкіндік берді. Жаз бойы 14 жастан бастап еңбекке араласқан 30 жас «Жасыл ел» қатарында қызмет атқарып, аудан аумағын көгалдандыру, тазарту және абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты.
Жасыл желекке жанашырлық танытқан жастар көше бойларын, саябақтар мен демалыс орындарын қоқыстан тазартып, гүл егу, ағаш отырғызу және суару сияқты маңызды істерді атқарды. Олардың еңбегі ауданның көркін келтіріп, экологиялық ахуалдың жақсаруына ықпал етті. Сонымен қатар, бұл жұмыс жастарға пайдалы еңбек дағдысын меңгеруге, ұжыммен жұмыс істеуге, жауапкершілік пен тәртіпке үйренуге сеп болды.
Наурызымдық жастар «Жасыл ел» бағдарламасымен шектеліп қалмай, республикалық деңгейдегі «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына да үнемі қатысып келеді. Олар сенбіліктер мен табиғатты қорғау бағытындағы іс-шараларға белсене атсалысып, өзен-көлдердің жағасын тазарту, орман алқаптарындағы жұмыстарға қатысу арқылы туған жерге деген сүйіспеншіліктерін нақты іспен дәлелдеуде.
«Жасыл ел» – бұл тек жазғы жұмыс емес, жас ұрпақты еңбекке баулитын, туған жерге жанашырлықпен қарауға тәрбиелейтін үлкен өмір мектебі. Наурызым ауданындағы бағдарламаның табысты іске асуы – ел болашағы саналатын жастардың табиғатқа деген қамқорлық сезімінің күшейіп келе жатқанын көрсетеді.
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!