Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Жасыл ел» жасақтары

Дата: 09.09.2025 Рубрика: Экология и творчество
191
0
«Жасыл ел» жасақтары
Жазғы демалыс тек қана ойын мен серуен емес, ол – жаңа достар тауып, еңбектеніп, пайдалы іс атқаратын уақыт.
Жыл сайын маусымнан қыркүйекке дейін еліміздің барлық өңірінде жастар еңбек жасақтары құрылады. Бұл – жазды көңілді әрі пайдалы өткізудің тамаша жолы.
Биыл «Жасыл ел» қатарында 2000-ға жуық жас еңбек етті. Оның жартысынан көбі – ауылдың жастары. Олар қаламызды, ауылымызды көгалдандырып, ағаш отырғызып, орманды, табиғатты қорғауға атсалысты.
«Жасыл елде» жұмыс істегенде тек қана табыс табумен шектелмейсің. Мұнда экология туралы көп нәрсе үйренесің, еңбекқор боласың, жауапкершілікті сезінесің. Ең бастысы – жаңа достар тауып, ұжымда жұмыс істеуді үйренесің.
Жастар тек еңбек етіп қана қоймай, түрлі қызықты ойындар мен жарыстарға да қатысады. Мысалы, экологиялық квесттер, «Таза ойындар» және «Таза Қазақстан» акциясы. Бұл шаралар жұмыс күнін қызықты әрі көңілді етеді.
Сондықтан, достар, жазды бос өткізбей, «Жасыл елге» қосылыңдар! Табиғатты қорғаймыз, қаламызды көркейтеміз, ал ең бастысы – өзімізді жаңа қырынан ашамыз!

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!