Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жастардың таңдауы – «Таза Қазақстан»

Дата: 29.07.2025 Рубрика: Экология и творчество
482
0
Жастардың таңдауы – «Таза Қазақстан»
Науырзым ауданының белсенді жастары туған жердің табиғатына жанашырлықпен қарап, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Қайынды алқабында сенбілік өткізді.
Экологиялық шараны Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы бірлесе ұйымдастырды.
Бұл күн табиғат аясында өткізілген нағыз еңбек мерекесіне айналды! Қатысушылар күл-қоқысты жинап, қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосты. Таза ауада еңбек етіп, табиғатты қорғауға қатысу – жастар үшін үлкен тәрбие мектебі болды.
Шара аясында елімізде кеңінен таралып жатқан #МеніңҚоршағанОртағаҚосқанҮлесім атты челлендж те қолдау тапты. Бұл бастама жастарды табиғатты сүюге, оны аялауға шақырады. Көптеген танымал тұлғалар мен эколог мамандар бұл челленджге үн қосып жатыр. Мәселен, экология саласының маманы Данияр Тұрғымбаев өз жазбасында:«Табиғатты сақтау – әр адамның жауапкершілігі. Әр кішкентай әрекетіміз үлкен өзгеріске әкеледі», – деп атап өтті.Науырзым жастары да осы үндеуге үн қосып, өз ісімен үлгі көрсетті. Олар табиғатты таза ұстау, қоқыс тастамау, ағаш отырғызу, болашақ ұрпаққа экологиялық тәрбие беру сынды маңызды істермен айналысуда.
«Таза Қазақстан – бұл біздің таңдауымыз!» – дейді жас табиғат жанашырлары. Бұл игі іс жастарды бірлікке, еңбекке, туған жерді сүюге тәрбиелейді. Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны қорғау – бәріміздің борышымыз!
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!