Экология қорғаны Ангелина
Дата: 22.07.2025 Рубрика: Экология и творчество
0
636
0

Қостанай ауданы, Заречный мектебінің 11-сынып оқушысы Ангелина Белослудцева – табиғатты қорғауға шын көңілімен үлес қосып жүрген белсенді жас. Ол тек қоқыс жинап қоймай, бұл ісін үлкен әлеуметтік жобаға айналдырып, университет грантына ие болды!
Ангелина табиғатқа жанашырлықты өмірінің бір бөлігі санайды. Бір күні көшеден өтіп бара жатып, айналада шашылып жатқан қоқысты көріп, қатты қынжылған.
«Көшеден өтіп бара жатып, қоқыстың шашылып жатқанын байқайсың. Сонда оны жасаған адамдар екенін ойлайсың. Бұл мәселені көпшілік жерде айтқым келетін. Міне, бүгін сол мүмкіндікті пайдаланып тұрмын. Патриотизм – осындай ұсақ-түйектен басталмай ма?» – дейді Ангелина.
Осыдан кейін ол достарымен бірігіп, қалдықтарды сұрыптап, өзен-көл маңайындағы қоқысты тазалауға кіріскен. Тазалық акциясы уақыт өте келе нағыз экологиялық жобаға айналды. Ангелина бұл бастамасын түрлі байқауларда қорғап, тың идеялар ұсынды. Жобасы жоғары бағаланып, ол Сәтбаев университетінің білім грантын жеңіп алды!
Ангелинаның әрекеті – өзге оқушыларға да үлгі. Ол табиғатқа қамқор болудың тек сенбілікте емес, күнделікті өмірімізде де маңызды екенін дәлелдеп, облыс әкімі Құмар Ақсақалов өткізген алқалы жиында әңгімелеп берді.
Балаларға сұрақ:
– Сен өз ортаңда қандай экологиялық мәселені байқадың?
– Табиғатты қорғау үшін қандай әрекет жасай аласың?
– Өз бастамаңды бізге жазып жібер!
Комментарии


