Табиғатпен үндестікте болайық
Дата: 22.07.2025 Рубрика: Экология и творчество
0
529
0

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні өте маңызды күн. Бұл – адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікке назар аударатын, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды дата.
Жыл сайын бұл күн жаһандық деңгейде атап өтіліп, қоршаған ортаны сақтау мен табиғатты қорғау мәселелері қайта көтеріліп келеді.
Жыл сайын бұл күн жаһандық деңгейде атап өтіліп, қоршаған ортаны сақтау мен табиғатты қорғау мәселелері қайта көтеріліп келеді.
Қазақстанда да бұл бағытта ауқымды шаралар қолға алынуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» ұлттық тұжырымдамасы – соның айғағы.
2025 жылдың басынан бері тұжырымдама аясында елімізде 405 экологиялық іс-шара өткізілді. Олар «Таза қала», «Таза өлке», «Таза кәсіп – таза аймақ», «Таза жағалау», «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні», «Мөлдір бұлақ», «Халықаралық құстар күні» сияқты экологиялық акцияларды қамтыды. Аталған шараларға 1,4 миллионнан астам қазақстандық, оның ішінде 82 мың ерікті белсенді түрде қатысқан.
Нәтижесінде: 121 мың тоннадан астам қоқыс жиналды, 584 мың гектар аумақ тазартылды 1,7 миллион ағаш отырғызылды. 5 мыңнан астам студенттің қатысуымен эко-сағаттар, танымдық дәрістер, байқаулар мен табиғатқа экскурсиялар ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда климаттың өзгеруі, су мен ауа ластануы, орман-тоғайлардың азаюы сияқты жаһандық проблемалар барша адамзатқа ортақ міндет жүктейді. Сондықтан табиғатқа жанашырлықпен қарау - әрбір азаматтың борышы.
Экологиялық тәрбиенің негізі мектеп пен отбасында қаланады. Балаларға табиғатты сүюді, су мен электр қуатын үнемдеуді, қоқысты сұрыптауды үйрету - үлкендердің міндеті.
Экологиялық мәдениет - жай ұран емес. Бұл – күнделікті өмір салтына айналуы тиіс құндылық. Қазақстан жастарының арасында экологияға деген қызығушылық артып келе жатқанын байқаймыз. Еріктілердің белсенділігі, студенттердің эко-бастамалары – осының айғағы.
«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы - бұл жай ғана акциялар топтамасы емес, бұл – ұлттың болашаққа деген қамқор көзқарасы, ұрпаққа аманат табиғатты қорғау идеясы. Туған өлкеңе жанашырлықпен қарап, табиғатты таза ұстау - әр азаматтың ұлы борышы екенін ұмытпайық!
Комментарии


