Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Эко патруль» – ел ертеңі үшін

Дата: 24.06.2025 Рубрика: Экология и творчество
681
0
«Эко патруль» –  ел ертеңі үшін
Арқалық қаласында қоршаған ортаны қорғау бағытында жүзеге асырылып жатқан «Жасыл ел» және «Эко патруль» жобаларының жаңа маусымының салтанатты ашылуына арналған «Жасыл ел — таза болашақ!» атты іс-шара ұйымдастырылды.
 
Бұл жобалар  еліміздің экологиялық мәдениетін арттыруға, жастардың белсенділігін дамытуға бағытталған.
«Жасыл ел» және «Эко патруль»  – ел ертеңі үшін еңбек ететін жастардың жаңа серпіні, табиғатқа деген құрметтің нақты көрінісі.
Салтанатты шақта Арқалық қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Сұлтанбеков жастарды іс-шараның басталуымен құттықтап, эко патруль жастарына лента табыстады.
«Эко патруль» жастарының қолына арнайы лента тағылды. Бұл лента — тазалық пен тәртіпке деген ұқыптылықтың, табиғатты аялауға деген жанашырлықтың, сондай-ақ эко мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жастар миссиясының айқын нышаны.
Жастар – ұлттың болашағы. Олар тек білімменемес, еңбекпен де елгеқызмететуде. «Жасыл Ел» бағдарламасы-осыныңайқындәлелі. Бүгінненбастапбіздіңэко-патруль өз жұмысын бастайды.Олар қала тазалығына, қоғамдық орындардың экологиялық жағдайына бақылау жасап, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосады. «Жасыл ел» мен «Эко патруль» – бұл табиғатқа жанашыр көзқарастың белгісі. Туған жердің тынысы  жастардың қолында», – дейді Жастар ресурстық орталығының басшысы Данияр Қуанышұлы.
М.Жүніс

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!