Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«ЭКОFEST 2025»: Табиғатты аялаудан басталған бастама

Дата: 24.06.2025 Рубрика: Экология и творчество
854
0
«ЭКОFEST 2025»: Табиғатты  аялаудан басталған бастама
Экология күніне орай Ыбырай Алтынсарин атындағы мектептің ұйымдастыруымен Алтынсарин ауылында дәстүрлі «ЭКОFEST 2025» экологиялық фестивалі өтті. Бұл жолғы шараның ерекшелігі – ну орман аясында, табиғат аясында ұйымдастырылғаны.
Табиғаттың дәл төрінде өткен фестиваль қатысушыларға экология туралы тек теория жүзінде емес, іс жүзінде түсініп, сезінуге мүмкіндік берді.
Іс-шара ата-аналармен тығыз байланыста өтті. Балалар мен үлкендер бірігіп, табиғатты зерттеп қана қоймай, оны аялаудың жолдарын бірге үйренді. Бұл – мектептің экологиялық тәрбие мен үздіксіз білім беруді ұштастыра отырып, тұтас экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысының бір көрінісі.
Фестиваль мектеп өміріндегі жарқын әрі маңызды оқиғаға айналды. Оқушылар табиғатқа деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты шынайы сезініп, оны қорғау – әр адамның азаматтық борышы екенін ұғынды. Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа деген жауапкершілікті күшейтуге және белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеуге зор ықпал етеді.
«ЭКОFEST» фестивалі оқушылардың асыға күтетін мерекесіне айналған. Бұл – тек табиғатты қорғау шарасы ғана емес, сонымен қатар өз жобаларын таныстырып, жаңа идеялармен танысатын, тәжірибе алмасатын алаң. Фестивальде қатысушылар шабыттанып, экологиялық тақырыпта өз білімін кеңейтеді.
Іс-шара аясында шеберлік сабақтары, экотуристік бағыттағы белсенділіктер ұйымдастырылды. Қатысушылар экологиялық квесттерге қатысып, танымдық ойындар мен экскурсиялар арқылы өсімдік түрлерін таныды, орманда өзін дұрыс ұстау ережелерімен танысып, табиғатты сақтау мен қорғаудың маңызын жете түсінді.
Осындай мазмұнды да мағыналы іс-шаралар – балалардың жүрегіне табиғатқа деген құрмет пен сүйіспеншілікті ұялатады. «ЭКОFEST 2025» фестивалі – тек бір күндік мереке емес, болашақта саналы, экологиялық сауатты ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!