Қарлығаш – киелі құс
Дата: 22.08.2023 Рубрика: Экология и творчество
0
1953
0
Зиянды насекомдарды, әсiресе, шыбын-шiркейдi өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi. Қарлығаштар жылына екi рет жұмыртқалайды.
Ол жылы жақтан оралған кезде қораға қонса, қой егiз туады, ақ мол болады. Ал үй жақтауына немесе шатырына қонса, сол үйдiң жан басы көбейедi. Түсiңде қарлығаш көрсең бақытқа кенелесiң. Киелі құс қарлығаш туралы деректерді, аңыз-әңгімелерді оқи отырып, қарлығаштың барлық адамзат үшін өте киелі, сүйкімді құс екеніне көзім жетті. Сондай-ақ қарлығаштың тіршілігін бақылау барысында мен олардың ұя салуы, қоректенуі, жұмыртқа салуы, ұядан қанаттанып ұшуы туралы көп нәрсе білдім. Қазақта егер үйдің төбесіне қарлығаш ұя салса, бұл отбасы бақыт пен берекеге кенеледі деген ырым бар. Ата-бабамыздың айтуынша, қарлығаштың ұясын бұзу үлкен сәтсіздікке душар етеді дейді. Бұл құстың бүкіл өмірі ауада өтеді. Басқа құстардан ерекшелігі, аспанда ұшып келе жатып тамақтана алады, кейбірі ұйықтауға да қабілетті келеді. Олар шыбын-шіркеймен масамен және де басқа әртүрлі жәндіктермен қоректенеді. Қарлығаш–мейірімді және бейбітшіл құс. Оның ұясына басқа құс кіріп кетсе, оған шабуыл жасамай, өзге ұяға көшіп кетеді. Ұясын тұрғын үйлердің шатырына сала береді, адамдардан қорықпайды. Ұяны балшықтан және өз сілекейінен жасайды. Бұл құстарды әлемнің кез келген жерінен кезіктіруге болады. Қыста жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде оралады. Ұшып келген соң ұя салуға, балапан басуға кіріседі. Балапандары күніне 300 рет тамақтанады. Алғашқы үш аптасында анасы балапандарына қамқор болып, жәндіктерді аулауды үйретеді. Қарлығаш табиғи ортада бес жыл өмір сүреді.
Мариям НҰРМАНҚЫЗЫ
фото с просторов Интернета

Комментарии