Табиғатым
Дата: 29.08.2023 Рубрика: Экология и творчество
0



Табиғат мынау тұнған бақ,
Жаратқан Алла бізге арнап.
Желегін жасыл жел тербеп,
Құлпырған қырда қызғалдақ.
Табиғат талай нұрланбақ,
Жүректен жыр боп жырланбақ.
Қазақстаным мен үшін,
Жаһандағы иран бақ.
Көк орайым қойнауы малға толған,
Табиғатым тамаша жанға шуақ.
Қазақ елі әлі де алға самғар,
Жаратқаным жар болып жалғаса арман.
Табиғатым сан түрлі түрге енесің,
Өзіңменен сыр мен қыр көгерер мың.
Болашаққа көшімді бастай бергін,
Болашағын бағамдап кемел елдің.
Гүлсана Тілеубекова
Комментарии