Ұлттық спорт – ұлт рухының айнасы
Дата: 04.08.2026 Рубрика: Будь здоров!
0
3
0

Меңдіқара ауданында ұлттық құндылықтарды дәріптеу тек домбыра өнерімен ғана шектелмейді.
Соңғы жылдары ұлттық спорт түрлерін дамытуға да ерекше көңіл бөлініп, жас ұрпақты ата-баба мұрасымен тәрбиелеу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бастама балалардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастырып, салт-дәстүрге деген құрметті арттыруға ықпал етіп келеді.
Бүгінде ауданның Шығармашылық үйінде асық ату, бес асық, қазақ күресі және тоғызқұмалақ үйірмелері тұрақты жұмыс істейді. Бұл үйірмелерге қатысатын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Ұлттық спортқа қызығушылық танытқан жасөспірімдер тек бос уақыттарын тиімді өткізіп қана қоймай, өздерінің ептілігін, төзімділігін, ойлау қабілетін және ұлттық дүниетанымын дамытып келеді.
Әсіресе, соңғы жылдары қайта жаңғырып, кеңінен насихатталып жүрген асық ату мен бес асық спорт түрлеріне балалардың қызығушылығы жоғары. Бұл ойындар мергендікке, шапшаңдыққа, дәлдікке және ұқыптылыққа баулиды. Ал тоғызқұмалақ жасөспірімдердің логикалық ойлауын дамытып, сабырлылық пен зеректікке тәрбиелейді. Қазақ күресі болса, күш-жігерді шыңдап, қайсарлық пен батылдықты қалыптастырады.
Ұлттық спортпен тұрақты айналысатын тәрбиеленушілер аудан, облыс және республика көлемінде өтетін жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Олар жүлделі орындарды иеленіп қана қоймай, Меңдіқара ауданының абыройын асқақтатып, ұлттық спорттың дамуына өз үлестерін қосуда. Бұл жетістіктер – балалардың тынымсыз еңбегі мен жаттықтырушылардың кәсіби жұмысының нәтижесі.
Шығармашылық үйінде тәрбиеленушілердің сапалы жаттығу өткізуіне барлық қажетті жағдай жасалған. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген үйірмелерде тәжірибелі жаттықтырушылар балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жүйелі дайындық жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде жас спортшылар республикалық деңгейдегі жарыстарда аудан намысын лайықты қорғап, жеңіс тұғырынан көрініп жүр.
Меңдіқара аудандық балалар шығармашылық үйінің директоры Мұрат Тұрағұловтың айтуынша, ұлттық өнер мен ұлттық спорт – бір-бірінен ажырамайтын егіз ұғым.
– Домбыраның үні мен қазақ күресінің рухы, тоғызқұмалақтың даналығы мен асық ойынының тәрбиелік мәні – бәрі бір мақсатқа қызмет етеді. Ол – ұлттық болмысымызды сақтап, жас ұрпақтың бойына елге деген сүйіспеншілік пен рухани құндылықтарды сіңіру. Сондықтан біз балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, ұлттық өнер мен ұлттық спортты қатар дамытуға басымдық береміз. Бұл – болашақ ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастырудың маңызды жолы, – дейді ол.

Комментарии