Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Салауатты өмір салты – келешек кепілі

Дата: 07.07.2026 Рубрика: Будь здоров!
6
0
Салауатты өмір салты – келешек кепілі

Қостанай ауданындағы №1 Заречный жалпы білім беретін мектебінде алғаш рет облыстық «Keleshek Camp Fest – 2026» жазғы көшбасшылар фестивалі өтті. Ауқымды шараға Қостанай облысындағы алты «Келешек мектебінің» 60 оқушысы қатысып, спорттық, танымдық және шығармашылық бағдарламалар арқылы өзара тәжірибе алмасты.
Фестивальдің маңызды бағыттарының бірі – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау болды. Іс-шара Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған республикалық айлық аясында ұйымдастырылған флешмобпен жалғасты. Қостанай облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлескен акция барысында оқушылар «Біз есірткіге қарсымыз!» деген ұранмен денсаулықты сақтаудың маңызын көрсетті.
Полиция департаментінің өкілдері жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Олардың айтуынша, белсенді өмір салты, спортпен айналысу және дұрыс құндылықтарды қалыптастыру арқылы ғана дені сау әрі жауапты ұрпақ тәрбиелеуге болады. Осы мақсатта өңірде жыл басынан бері 500-ден астам профилактикалық іс-шара өткізіліп, оған 49 мыңнан астам адам қатысқан.
Фестиваль бағдарламасындағы KELESHEK SPORT CUP спорттық жарыстары балалардың ептілігі мен ұйымшылдығын сынады. Командалар эстафеталар мен қозғалыс ойындарына қатысып, жеңіске жетуден бұрын бір-біріне қолдау көрсетудің, достық пен ынтымақтастықтың маңызын сезінді.
Одан кейін өткен KELESHEK TEAM QUEST командалық квестінде әртүрлі мектептердің оқушылары аралас топтарда жұмыс істеп, логикалық және шығармашылық тапсырмаларды орындады. Мұндай формат балалардың қарым-­қатынас мәдениетін дамытып, жаңа ортаға бейімделуіне мүмкіндік берді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың денсаулығын нығайтуға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады. Себебі дені сау ұрпақ – елдің жарқын болашағының кепілі.

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!