Спорт сүйер отбасы
Дата: 02.06.2026 Рубрика: Будь здоров!
0
5
0

Отбасы күніне орай Арқалық қаласындағы Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінде «Әкем, анам және мен – спорт сүйер отбасы» тақырыбында отбасылық эстафеталық жарыс өтті. Жарыстың басты мақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты арттыру болды.
Іс-шараға мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары белсене қатысып, ұйымшылдықтары мен спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті. Қатысушылар түрлі қызықты эстафеталық кезеңдерден өтіп, жылдамдық, ептілік және төзімділік бойынша сынға түсті. Әр отбасы жеңіске деген жігерін танытып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Жарыс барысында тек спорттық шеберлік қана емес, отбасылар арасындағы сыйластық, бірлік пен өзара қолдау ерекше байқалды. Балалар ата-аналарымен бірге сынға түсіп, ортақ жеңіске ұмтылудың маңызын сезінді. Ал ата-аналар үшін бұл шара балаларымен бірге уақыт өткізіп, қуанышты сәттерді бөлісуге тамаша мүмкіндік болды.
Көрермендер де қатысушыларға қолдау білдіріп, жарыстың сәнін келтірді. Әсіресе тартысты кезеңдерде жанкүйерлердің қошеметі ерекше әсер сыйлады. Осындай игі шаралар арқылы мектепте отбасылық құндылықтарды дәріптеу мен дене шынықтыруға деген қызығушылықты арттыру дәстүрге айналып келеді.
Іс-шара соңында үздік өнер көрсеткен отбасылар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді. Жарыс қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап қана қоймай, отбасы мен спорттың адам өміріндегі маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.

Комментарии