Қыздар командасы жоғары деңгейде
Дата: 02.06.2026 Рубрика: Будь здоров!
0
5
0

Рудный қаласында волейболдан қыздар арасында Қостанай облысының XXXIX «Тың-2026» жазғы спартакиадасының аймақтық іріктеу ойындары өтті.
Дүбірлі додада Аманкелді аудан намысын қорғаған қыздар командасы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жарыс барысында құрама команда Әулиекөл ауданы, Алтынсарин ауданы, Науырзым ауданы және Қамысты ауданы командаларын айқын басымдықпен жеңіп шықты. Финалдық кездесуде тек Рудный қаласының құрамасына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Бұл нәтиже аудан спортындағы қыздар волейболының жылдан-жылға дамып келе жатқанын көрсететін жарқын жетістік болды.
Команданың табысты өнер көрсетуіне Гүлзейнеп Шаяхметованың еңбегі зор. Амантоғай ауылында жас спортшыларды жүйелі түрде жаттықтырып, жарысқа тыңғылықты дайындау үлкен жауапкершілік пен қажырлы еңбекті талап етеді. Сонымен қатар команда жұмысына әдіскер Алмас Жармағамбетов те өз үлесін қосып, спортшылардың сенімді өнер көрсетуіне қолдау білдірді.
Сондай-ақ жас волейболшыларға әрдайым жанашырлық танытып, қолдау көрсетіп жүрген ардагер спортшы Ғалымжан Шаяхметовке ерекше алғыс айтылды. Аға буынның осындай қамқорлығы мен сенімі жас спортшыларға жігер беріп, жаңа белестерді бағындыруға ынталандырады.
Аудан абыройын асқақтатқан қыздар командасын жеңістерімен құттықтаймыз! Оларға алдағы жарыстарда сәттілік, жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз. Жас спортшылардың табандылығы мен еңбекқорлығы аудан спортының болашағына деген сенімді арттыра түседі.

Комментарии