Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тілдер патшалығы

Дата: 16.09.2025 Рубрика: Будь здоров!
64
0
Тілдер патшалығы
«Дорожный» кітапхана-филиалы Қазақстан халқы тілдері мерекесі қарсаңында №18 мектеп-гимназиясының 6 «А» сынып оқушыларына арналған «Тілдер патшалығы» атты танымдық викторина ұйымдастырды.
Іс-шара барысында кітапханашы жас ұрпаққа қазақ тілінің тарихтағы орны мен маңыздылығы, ата-бабамыздың аманаттап кеткен ана тілін қастерлеудің парыз екендігі жөнінде әңгімелеп берді. Балалар өз кезегінде белгілі қазақ ақындарының тіл тақырыбындағы өлеңдерін мәнерлеп оқып, ана тілге деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Викторина барысында оқушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды шешті, жаңылтпаштарды жатқа айтып жарысты. Бұл ойындар олардың ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамытуға ықпал етті.
Іс-шара соңында «Ана тілім – ардағым» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеге қазақ тілінің мәртебесін айшықтайтын кітаптар, ақын-жазушылардың шығармалары мен анықтамалықтар қойылды.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың ана тілін құрметтеп, мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Эльмира Мирзалиева,
«Дорожный» кітапхана-филиалының кітапханашысы
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!