Тіл – достықтың алтын көпірі
Дата: 16.09.2025 Рубрика: Будь здоров!
0
72
0

Ұлттық рухты асқақтатқан садақ ату өнері
Елімізде ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылық қайта жанданып келеді. Соның ішінде ата-бабамыздан қалған садақ ату өнеріне бет бұрған жастардың қатары артып отырғаны қуантады. Рудный қаласында да бұл дәстүрлі өнердің дамуына жағдай жасалып, мектеп оқушыларына арнайы секция ашылды.
Бүгінде Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясында жиырмадан астам бала садақ атудың қыр-сырын меңгеріп жүр. Жас мергендерді тәрбиелеп жүрген жаттықтырушы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Аруна Сәбитбек. Біз ұлттық өнерді дәріптеп жүрген маманмен сұхбаттасып, оның бастамасы жайлы толығырақ білдік.
– Аруна Сәтсапарқызы, ең алдымен өзіңізді таныстырып өтсеңіз. Садақ атуға қалай келдіңіз?
– Мен Қостанайдағы «Сақ садақ ату» федерациясының шәкіртімін. Ұлттық өнерге деген қызығушылығым бала кезден басталды. Ал кәсіби түрде садақ атуға бет бұруыма ұстазым, ҚР спорт шебері, халықаралық класс шебері Аппазова Аяулым Жұмағазықызы себепкер болды. Қазір Рудный қаласында №7 мектеп-гимназиясында дене шынықтыру пәнінен сабақ беремін әрі оқушыларға дәстүрлі садақ ату өнерін үйретіп жүрмін. Сонымен қатар Қостанай облыстық Ұлттық спорт мектебінде «дәстүрлі садақ ату» жаттықтырушысы қызметін атқарамын
– Садақ ату секциясы Рудныйда қашан ашылды?
– Бұл секцияға екі жыл болды. Бастапқыда санаулы ғана оқушы болса, қазір тұрақты түрде 20–25 бала жаттығады. Қостанай қаласында облыстық федерация ашылғанына үш жылдан асты, онда 25–30 спортшыдан құралған құрама дайындалады
– Сабақтар қалай өткізіледі? Жаттығулар ақылы ма?
– Жаттығулар сабақ уақытынан тыс жүргізіледі. Рудныйдағы №7 мектеп-гимназиясында бұл үйірмеге қатысу тегін, себебі ол өзіміздің оқушыларға арналған. Ал Қостанай қаласындағы Ұлттық спорт мектебінде 9–13 жас аралығындағы балалар құжаттарымен қабылданып, тегін айналысады. Ал жасы сәйкес келмегендер немесе арнайы дайындыққа қатысқысы келетіндер ақылы абонементпен жаттыға алады. Бірақ абонементпен айналысушыларға жас ерекшелігі бойынша шектеу жоқ.
– Садақ ату өнерінің жастарға берер пайдасы қандай?
– Бұл өнердің берері мол. Ең алдымен, ол омыртқаның дұрыс қалыптасуына әсер етеді. Баланың көру қабілетін жақсартады, көзжанарын шынықтырады. Арқа, қол, иық және аяқ бұлшықеттерін нығайтады. Қозғалыс координациясы мен тепе-теңдікті жетілдіреді. Сонымен қатар жүрек-қан тамырлары жүйесіне оң әсер етеді. Садақ атқанда бүкіл дене бұлшықеті қозғалады. Бір садақ тарту – 20 килограмм жүк көтерумен тең. Ал жарыс кезінде спортшы жүзден аса садақ атады. Бұл үлкен төзімділікті, күшті талап етеді.
– Физикалық пайдасынан бөлек, тәрбиелік мәні қандай?
– Садақ ату – сабырлылыққа, шыдамдылыққа, зейін қоюға үйрететін өнер. Ол адамды мақсатқа жетуге талпындырады, табандылық пен жігерлілікті шыңдайды. Сонымен қатар бұл – көңіл күйді көтеретін, мазасыз ойдан арылтатын «антистресс» құралы. Жасөспірім қолына садақ ұстаса, рухтанады, сергиді, жеңілдейді. Сондықтан дәстүрлі садақ ату – ұлттық рухымызды оятатын, адамды жан-жақты дамытатын өнер.
– Болашаққа қандай жоспарыңыз бар?
– Ең басты мақсатым – ұлттық дәстүрімізді дәріптеу, жас ұрпаққа садақ ату өнерін кеңінен насихаттау. Жастарды тәрбиелеумен қатар, алдағы уақытта ересектерге арналған топ ашуды даойлап жүрміз. Ұлттық өнерді жаңғырту арқылы жас буынды отансүйгіштікке, табандылыққа баулып, рухани байлығымызды арттыруға үлес қоссақ деймін.
– Әңгімеңізге рақмет! Ізгі бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.
Рудный қаласы

Комментарии