Туған жеріміздің киелі жері
Дата: 31.03.2026 Рубрика: Бір шаңырақ
0
5
0

Шилі ауылдық кітапханасы «Туған жеріміздің киелі жері» атты әдеби-географиялық квест ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандардың өлкетану бағытындағы білімдерін кеңейту, туған жер тарихына деген қызығушылықты арттыру және кітап оқуға баулу. Квест барысында қатысушылар бірнеше бекеттен өтіп, әр кезеңде түрлі тапсырмаларды орындады. Әдеби және географиялық сұрақтарға жауап беріп, картамен жұмыс жасап, туған өлкенің тарихи-мәдени нысандарын анықтау бойынша білімдерін сынады.
Шара аясында оқырмандар Науырзым өңірінің киелі жерлері туралы құнды мәліметтермен танысты. Атап айтқанда, Қоянақ әулие, Түркебай әулие және Үмбетей батыр кесенелері туралы аңыз-әңгімелер мен тарихи деректер ұсынылды. Әрбір нысанның ел тарихындағы орны мен рухани маңызы кеңінен түсіндірілді.
Қатысушылар берілген тапсырмалар арқылы киелі орындардың орналасуын картадан тауып, олардың ерекшеліктерін сипаттады. Бұл өз кезегінде оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамытып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырды.
Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлері өлкетану әдебиеттерінен көрме ұйымдастырып, оқырмандарға өңір тарихы мен мәдениеті туралы кітаптарды таныстырды.
Іс-шара соңында белсенді қатысушылар марапатталып, квест жоғары деңгейде, қызықты әрі танымдық форматта өтті. Бұл шара – жас ұрпақтың туған жерге деген құрметін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды бастама болды.

Комментарии