Қазақ-қырғыз бір туған
Дата: 08.09.2020 Рубрика: Бір шаңырақ
3
3263
0
Құрметті, оқырман! «Бір шаңырақ» атты айдары кезекті материалы көршілес бауырлас халық туралы айтамыз.
Балақай, сен үлкен ата-әжелеріңнен «қазақ-қырғыз бір туған» деген сөзді естігенде, кітаптардан оқыған да боларсың. Өйткені қазақ пен қырғыз ежелден түп-тамыры бір, діндес, тіндес етене жақын. Екі елдің туысқандығы мен достығы ғасырлар бойы жалғасып келеді.
Қырғыздардың әлемдік аренадағы ең басты, яғни бүкіл елге белгілі бренді – «Манас» эпостық жыры. Миллионнан астам жолдан тұратын жыр әлемдегі ең ұзын туынды ретінде Гиннес рекордтар кітабына енген. Дәптеріңе түртіп қой балақай, бұл өте қызық және біліп жүру керек ақпарат.
Негізінде қырғыздардың тыныс-тіршілігі мен салт-дәстүрі бізге қатты ұқсас келеді. Оларда да біздегідей ақындар айтысы ұлттық өнер ретінде бағаланады. Негізгі аспабы – қомуз. Ұлттық спорттық ойындары – көкпар, күрес, дәл біздің балуандардың ойыны. Барлық көшпенді халықтар тәрізді қырғыздар да жылқыны өте қатты қадірлейді. Бешбармақ, шұжық, қуырдақ, қымыз қырғыздар үшін де ұлттық тағам болып саналады. Қазақ халқы да жылқы сойып, бие сауып қымыз ішкенді ерекше жақсы көреді емес пе?!
Жалпы әр халық өзінің ата-бабасынан қалған ең жақсыны сақтап, оны ары қарай болашақ ұрпақ үшін дамытуға тырысады. Олар: мәдениеті мен әдебиеті, музыка, түрлі қолөнер және салт-дәстүрлері.
Асханасы жайында шағын мәлімет бере кетейік. Қырғыз асханасында ет, сүт тағамдары және ұннан жасалатын тағамдар қырғыздардың ас мәзірлерінде кеңінен қолданылады. Қырғыз халқының да өздерінің мерекелері мен салт-дәстүрлеріне, ырымдарына байланысты дайындалатын тағамдары бар. Бұл шерне, жоро, сәбидің өмірге келуі, егін жинау және тағы да басқа мейрамдар. Мысалы ууз-аш (уыздан дайындалады) және нооруз-аш – жаңа жылдық тағам, мұны мұсылман күнтізбесі бойынша Жаңа жылда дайындайтын болған. Яғни, 22 наурызда дайындайтын «наурыз көжеміз» деп айтсақ қателеспейміз. Ерекше тағамдар күзгі мал сою кезінде, жазғы жайлауға шығарда, сонымен қатар егін жинау науқаны уақытында арнайы дайындалатын болған.
Бұл айтылған шағын ақпарат пайдалы болды деген ойдамыз. Келесі қай ұлттың әдет-ғұрпымен танысқың келеді?
Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ

Комментарии