Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тілі бірдің – тілегі бір

Дата: 17.12.2024 Рубрика: Бір шаңырақ
69
0
Тілі бірдің – тілегі бір
Рудный қаласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Тілі бірдің – тілегі бір» атауымен Рудный индустриалық университетінің қабырғасында тіл форумы өтті. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту және оның қоғамдағы беделін арттыру жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан іс-шараның деңгейі жоғары. Бұл форум тіл саясатының өзекті мәселелерін талқылап, мемлекеттік тілді үйрену және оны дамыту жолындағы жетістіктерді насихаттау алаңына айналды.
 – Тіл форумының мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, қоғамдық беделін арттыра түсу. Шығармашыл жастарды ынталандыру және қолдау көрсету. Мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерін марапаттап, қошемет көрсету. Сонымен қатар мемлекеттік тілді жұмыс барысында қолданып, насихаттап жүрген қызметкерлерді ынталандырып, таныстыра түсеміз. Бұл тілдің аясын кеңейте беретін болды, – дейді тілдірді оқыту орталығының директоры Жанат Досубаева.
«Тілі бірдің – тілегі бір» форумы алдағы жылдары да өз жалғасын табады. Оның аясында тіл саясатын қолдауға бағытталған түрлі байқаулар, жобалар мен шығармашылық іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру жолындағы бұл бастама өз жемісін бере бермекші.
Аталмыш форумға «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ басшысының орынбасары Әбдірахманов Мэлс Бейбітұлы, Мәдениет басқармасы тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бимағанбетов Кенжеғали Әмірғалиұлы, Рудный қаласы әкімінің орынбасары Қоқышев Сәкен Балғабайұлы, Рудный индустриялық университетінің ректоры Сапарходжаев Нұрбек Пажарбекұлы, сондай-ақ Мемлекеттік мекемелердің басшылары, мектеп мұғалімдері, тілдерді оқыту орталықтарының басшылары, колледж директорлары, қаланың құрметті азаматтары, тіл жанашырлары, орталық тыңдаушылары және жастар қатысты.
Форум барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып жүрген тіл жанашырлары, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары «Тіл жанашырлары», «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте», «Ұлағатты ұстаз – тіл мерейі», «Тіл болашағы – ел болашағы» номинациялары бойынша қала әкімінің құрмет грамотасымен, дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
«Тілі бірдің-тілегі бір» тіл форумы тідерді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушыларына арналған “Мемлекеттік тілді оқытудағы инновациялар: «Жаңа үрдістер мен модульдік технологиялар» форсайтымен өз жалғасын тапты.
Форсайттың мақсаты: тілдерді оқыту үрдісін цифрландыру және мобильді қосымшалардың тиімділігін талқылау, өзара тәжірибе алмасу, оқыту барысында туындайтын мәселелердің жолдарын шешу болды. Форсайт барысында орталық оқытушылары ересек тұрғындарға мемлекеттік тілді үйретуде қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетіп, өзара тәжірибе алмасты.
Рудный қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!