Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қара шаңырақ қасиеті

Дата: 14.05.2024 Рубрика: Бір шаңырақ
349
0
Қара шаңырақ қасиеті
Халқымыздың салт дәстүріндегі қасиетті ұғымдарының бірі – қара шаңырақ. Қара шаңыраққа ие болып қалатын ұл баланы да жастайынан құлағына сіңіріп, жауапкершілікті сезіндіре білген. Атадан қалған асыл мұрамыз қара шаңырақ, үлкен үйді киелі деп айтамыз. Өйткені ол әкеден қалған мұра. Бір үйдің балалары үйленгеннен кейін, отау тігіп, балалары өмірге келгеннен кейін еншілерін алып бөлек кетеді. Әкенің үйін «үлкен үй» деп қастерлесек, қара шаңырақ әкенің әкесінен, тіпті одан да арғы бабалардан қалған мұра болуы мүмкін. 
Қара шаңырақ – бір әулеттің тараған түп тамыры. Оны сыйлау – ұлтын сыйлаудың алғашқы баспалдағы. Кешеге дейін қара шаңырақта отырған азамат атадан жалғасқан бақ-берекенің ұйытқысы ретінде сол әулеттің қадірлі азаматы саналатын. Барлығы құрметпен қарайтын. Жиын тойда, сый дастарқан басында сол қара шаңырақ иесі жасы кіші болса да, төрден орын алатын. Айналасындағы ақсақал, көксақалдардың өзі «қарағым, сен қасиетті қара шаңырақтың иесісің, жасың кіші болса да жолың үлкен, асқа батаны сен жаса» деп кішілік танытып жататын.
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!