Қандай керемет бақыт!
Дата: 18.08.2020 Рубрика: Бір шаңырақ
0
545
0
Таяуда облыстық газеттен осы бір мақаланы оқып қуандым да толқыдым. Қостанайдағы балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан соңғы үш жылда 7 бала: Виолетта, Дамир, Юрий, Серік, Самат, Элдар, Руслан үйлеріне оралып, жақындарымен бірге тұрып жатыр екен.. Бұлар кезінде тағдырдың жазуымен ауыр жағдайда орталыққа келіп түскен аяулы жандар еді. Енді міне, олар ең алдымен аялы алақаны мен жүрек жылуын арнаған орталықтағы тәрбиешілер мен күтушілерге шексіз риза, – деп жазыпты. Үйге оралу! Қандай керемет бақыт! Бұл енді ата-ананың, туған-туыс бауырлардың ортасында шат-шадыман жылы жүз, ыстық ықыласқа кенелу ғой! Осынау дүрс-дүрс соққан нәзік жүректердегі арманаңсарларды орындауына даңғыл жол емес пе? Осындай мүмкіндік туғызған Орталық қызметкерлеріне мың алғыс. Әр қилы өңірден бір шаңырақ астына жиналған балауса жандар «Түрі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бірдей», біратаның балаларындай тәрбие көргендері бір ғанибет. Ынтымақ бар жерде, ырыс бар, береке бар деген осы. Орталықтың әр түрлі ұлт балаларының тонның ішкі бауындай татулығын естігенде, жаның бір мерейленіп қалады екен. Бүгінде 4 жастан 18 жасқа дейінгі кішкентайынан мүгедек балалардың тұрақты тұруына арналған медициналық – әлеуметтік мекеме балалардың жан-жақты жетіліліп, өсуіне мүмкіндіктер туғызды. Қазір балалар ұясында үйдегіге жақын қолайлы жағдайы, олардың жеке жан-жақты даму ына мүмкіндік, әлеуметтену және интеграциялану - деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтері сапалы атқаруға айрықша маңыз беруде. Сайып келгенде Қостанайдағы балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы әр баланың бойында адамгершілік, өзара бауырмалдық, шынайы жанашырлық пен татулық қасиеттерді дарытып,сауығып шығуы жолында ыждаһаттықпен жұмыс істеуде.
Жарқын АЛДАНЫШЕВ, Қостанай қаласы
Жарқын АЛДАНЫШЕВ, Қостанай қаласы
Комментарии