Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қазақша бата, ал кәріс тілінде токтам...

Дата: 25.08.2020 Рубрика: Бір шаңырақ
562
0
Қазақша бата, ал кәріс тілінде токтам...
Біздің отбасымыз жаңа жыл мерекесін үш рет тойлайды, – дейді Қостанай қаласының тұрғыны Диана Ким. 31 желтоқсанда, 31 қантарда корей халқының жаңа жылы Соллаль, және де 22 наурызда.  
Жалпы кәріс халқының ең маңызды дәстүрі – үлкендерді құрметтеу. Ал ең сүйікті мерекелердің бірі – Жаңа жыл. Соллаль мерекесі үш күн тойланады екен. Осы күндерде балалар ата-ананың алдына барып, тағзым етіп, осындай сөздерді айтады екен: «Сехэ пок мани падысее». «Көптеген жаңа жылдық алғыстарыңыз, баталарыңыз көп болсын». Ал үлкен кісілер балалар мен немерелерге баталарын, кәріс тілінде «токтам» және ақшалы сыйлықтар, кәріс тілінде «сэбэтон» береді екен. 
 Диананың әкесі Александр Ким – кәріс, анасы Айжан Нұрышева – қазақ. Сондықтан осы отбасында екі халқының салт-дәстүрлері, мерекелері тойланады. Мысалы 1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлағанда, үйлерінде достары, түрлі ұлттардың өкілдері жиналып, дастархан басында әңгімелесіп, әр түрлі тілдерде әндерді шырқайды. Анасы балалармен қазақ тілінде сөйлейді, ал әкесі кәріс тілін үйретеді екен. Ким-Нұрышевтардың отбасында бәрі қазақша етті, қуырдақты, бауырсақты ұнатады екен. Және дастархандарында кез келген кезде кәріс халқының тағамдары да болады. Мысалы, Кәрістердің жаңа жылың қарсы алғанда, анасы Айжан, ұлттық тағамдарын дайындайды. Олар «Кукси», және «Кодюри» – майда қуырылған нан. – «Осылай біз екі жақтың салт-дәстүрлерін құрметтеп жүрміз. Еш қиындығы жоқ. Адамдар бір бірін ренжітпесе, сыйлап жүрсе, жер бетіне бейбітшілік құсы қонады», – дейді Диананың анасы Айжан.

Әсем АЙНАБЕКҚЫЗЫ

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!