Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жас экологтар бас қосты

Дата: 16.04.2024 Рубрика: Бір шаңырақ
347
0
Жас экологтар бас қосты
Баршамызға белгілі 1-сәуір – Халықаралық құстар күні. Осыған орай Науырзым аудандық кітапханасы, Науырзым Мемлекеттік табиғи қорығы және Науырзым ауданының білім бөлімінің балалар шығармашылығы үйі бірлесіп «Құстар – табиғаттың көркі» тақырыбында экологиялық сағатын өткізді. 
Құстар – табиғат байлығы. Құстарсыз орманның сәні келіспейтіні, құстардың тіршілігі орман, бау-бақша екендігі, зиянкестерді жойып, адамға көп пайда тигізетіні туралы мәліметтер айтылды. Іс-шара «Жас эколог», «Жас туристе станциясы» үйірмесіндегі оқушыларының қатысуымен өтті. Қазақ халықымыз әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, қас сұлуын аққуға теңеген. Құс барлық пен байлықтың, әсемдік пен сұлулықтың белгісі. Шараның мақсаты: құстардың жылы жаққа қайтып, олардың жұмыртқа салар кезінде қамқорлыққа алу. Жоғалып кетуге шақ қалған құс түрлерін қорғауға алып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақыру. 
Аталған іс шараға Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының нұсқаушы-экскурсоводы Өтелбаева Гүлнұр мен Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының аға ғылыми қызметкері, «Науырзым» ҚБ төрағасы Батряков Ришат балаларға Науырзым қорығындағы құстардың түрлерімен таныстырып, түсіндіріп өтті. Қазіргі уақытта Наурызым Мемлекеттік табиғи қорығында құстардың бірнеше түрлері бар. Іс-шара барысында ойын викторина өтті. «Кішкентай құстың жұмбақтары», «Бұл қай құстың түрі?» атты сұрақ-жауаптарына үлкен ықыласпен қатысып, белсенді жауап берді. Шара соңында кітап көрмеге шолу жасалынды. Науырзым Мемлекеттік қорығының қызметкерлері балаларға плакат брошура таратты.
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!