Дана халықтың данышпаны
Дата: 29.08.2023 Рубрика: Бір шаңырақ
0
208
0
Шәкәрім Құдайбердіұлының 165-жылдығына орай «Дана халықтың дана данышпаны» тақырыбында мектеп оқушыларымен кезекті танымдық сағаты өтті. Ұлтымыздың көрнекті өкілдерінің бірі, дала ойшылы атанған философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген.
Шәкәрім – жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер. Ол адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді ерекше жырлады. Қазақ қауымына адал еңбек етіп, бойына білім нұрын сіңіріп, сол арқылы биік жетістікке жетсін деген ой тастайды.
Оқушылар ақынның адами құндылықтар туралы философиялық ойларымен танысты. Ақын «Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, ғибадат пен адалдық ар үшін жи», – деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, парасатты тұлға болып қалыптасу үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуы керектігін ашып көрсеткен. Шәкәрімнің асыл ойлары адалдық, әділдік, ынсап, әділет, мейірім сияқты асыл қасиеттерді кірлетпеуге негізделген. Ақын жастарға білімдіден ғибрат алуға, өскелең ұрпақтың білімді болуын үндейді.

Комментарии