Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

"Бабадан қалған асыл мұрам"

Дата: 08.08.2023 Рубрика: Бір шаңырақ
230
0
"Бабадан қалған асыл мұрам"
Сарыкөл аудандық қолөнер шеберлерінің этнофестивалі өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Мәдени мұра» жобасы аясында өткен іс-шарада қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан салт-дәстүрі, ата-бабамыздың асыл мұрасы дәріптелді. Фестивальде «Балқымыз» ұлттық сусын, «Ақ дастархан» ұлттық тағамдар және «Ақ шаңырақ» киіз үйлер сайыстары, «Көкпар»  ұлттық спорт  ойыны да ұйымдастырылды.
Бұл күні балғын қымыз бен буы бұрқыраған дәмді бауырсақтың хош иісі тіл үйірді. Ұлттық тағамдардан дәм татқан палуандар да боз кілемде белдескенде жігерлене түсті. Он саусағынан бал тамған шеберлер жиналған қауымның назарына ағаштан жасалған бұйымдар, ұлттық тағамдар, ұлттық киім және үздік киіз үй үлгілерін  ұсынды. Әсіресе, іс-шара аясында ұйымдастырылған ұлттық көкпар ойыны мен қыз қуу фестиваль қонақтарының көңілін көтерді.
Этнофестивальдің шарықтау шегі байқаулардың қорытындысы болды. Барлық номинациялар бойынша Құрбаниязовтар, Токаревтар, Әшімовтер және Өмірзақовтар отбасы жеңімпаз атанды. Ұлттық бояуға қанықтығымен, көз жауын алатын әсемдігімен, сапасымен ел-жұртты, қазылар алқасын тәнті еткен қолөнер туындыларының авторлары арнайы дипломмен марапатталып, ақшалай сый-сияпатқа кенелді. Жалпы, мұндай тағылымы терең, мазмұнды іс-шаралар ұлтымыздың терең тамырлы мәдениетін асқақтатып, рухын көтерері анық.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы
 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!