Бабадан қалған асыл мұра
Дата: 08.08.2023 Рубрика: Бір шаңырақ
0
354
0
Домбыра – көненің көзі, бабадан қалған асыл мирас. Ол – құнды қазына, ұлттық рух. Домбыра – ежелден халқымыздың музыка мәдениетінің символы, ол әрқайсымыздың жанымызға жақын ұлттық кодымыз.
Ол қазақ халқының музыкалық мәдениетінің басты символы, әрі ұлы аспабы домбыра екендігі сөзсіз. Онсыз бірде–бір шара өтпейді. Шертпелі, екі ішекті аспап түрлі мамандық иелерінің, діні мен ұлты басқа жандардың басын қосады. Домбыраның күмбірлеген дыбысы терең ой-толғауларды сөзден артық жеткізе алады. Жас ұрпаққа ұлтымыздың символы ретінде, тіпті шет елдерде қазақ десе ең алғаш ойға келетін қасиетті аспабымыз – домбыраны таныту, осы аспапта ойнаған атақты әнші және күйшілеріміздің туындыларын насихаттау мақсатында Өлеңді ауылдық кітапханасы «Домбыра – бабадан қалған сазды мұра!» атты музыкалық сазды сағат атап өткізді. Іс-шараға тұрақты оқырмандар қатысып, домырада ойнаудың қағыстары көрсетіліп, кішігірім сабақ берілді. Көрмеге ұлттық аспабымыз жайында кітаптар, атақты әнші және күйшілердің туындылары қойылды. Айтыс өнері жайында бейнебаян тамашаланды.

Комментарии