Қостанайдың дарыны
Дата: 20.10.2026 Рубрика: Білім
0
5
0

Қазақтың көрнекті театр және кино актері, Қазақстанның халық әртісі Серке Қожамқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай «Книгарёнок» клубының қатысушыларына арналған «Қостанай даласының баласы» атты танымдық кітапханалық сағат өтті.
Іс-шараның мақсаты – жас оқырмандарды әйгілі өнер иесінің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, театр және кино өнеріне деген қызығушылығын арттыру.
Святослав ауылдық кітапханасының кітапханашысы балаларға қазақ сахна өнерінің саңлағы Серке Қожамқұловтың өмір жолы туралы әңгімеледі. Қостанай өңірінде дүниеге келген болашақ актердің балалық шағы, білімге деген құштарлығы мен өнерге жақындығы қатысушылардың қызығушылығын оятты. Жастайынан қой бағып, ауыл тіршілігіне араласса да, оқуға деген ынтасы ерекше болған. Ол халық ертегілерін тыңдағанды ұнатып, өлеңдерді тез жаттап алатын. Айналасындағы адамдардың дауысын, жүріс-тұрысы мен қимыл-қозғалысын айнытпай салуы оның бойындағы актерлік қабілеттің ерте байқалғанын аңғартты.
Кітапханалық сағат барысында балалар театр мен кино өнерінің ерекшеліктері, актердің сахналық бейне жасаудағы рөлі туралы мағлұмат алды. Кітапханашы Серке Қожамқұловтың ерекше мимикасы, табиғи комедиялық дарыны, жарқын мінезі мен шеберлігі жайында айтып берді. Оның кейіпкерлерді нанымды сомдап, көрерменнің көңілінен шыға білуі – өнерге деген сүйіспеншілігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі екені атап өтілді.
Қатысушылардың назарын актердің 1925 жылы жаңадан құрылған қазақ театрына шақырылып, ұлттық кәсіби театр өнерінің қалыптасуына үлес қосқан алғашқы өнерпаздардың қатарынан орын алғаны туралы әңгіме ерекше аударды. Серке Қожамқұловтың шығармашылық жолы – қарапайым ауыл баласының табандылық пен талантының арқасында қазақ өнерінің көрнекті тұлғасына айналғанының жарқын үлгісі.
Іс-шара соңында балалар қазақ театры мен киносының тарихы туралы білімдерін толықтырып, өнер саңлағының өмірінен тағылым алды. Кездесу жас оқырмандарға талантты дамыту үшін ізденіс, еңбекқорлық пен табандылықтың маңызды екенін ұғындырды. Осындай танымдық шаралар арқылы кітапхана ұлттық өнерді дәріптеп, жас ұрпақтың тарихи тұлғаларға деген қызығушылығын арттыруға үлес қосып келеді.

Комментарии