Әулиекөлдік студент топ жарды
Дата: 10.11.2026 Рубрика: Білім
0
3
0

Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды тірегі. Ал оның дамуы заманауи техниканы меңгерген, білімі мен тәжірибесін ұштастыра білетін білікті мамандарға тікелей байланысты. Жамбыл облысында өткен «AgroLeague-2026» республикалық кәсіби шеберлік байқауы осы салада білім алып жүрген жастардың әлеуетін айқындады.
Еліміздің он облысы мен шетелден келген студенттер қатысқан додада Қостанай облысының намысын қорғаған Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің студенті Алдияр Ұлыжбаев үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді.
Тараз қаласында, Меркі колледжінің базасында ұйымдастырылған байқауға Қазақстанның түрлі өңірлерінен және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен келген студенттер қатысты. Жалпы саны 16-ға жуық жас маман ауыл шаруашылығы техникасын басқару мен жөндеу, жер өңдеу және техникалық қызмет көрсету бағыттарында өзара бақ сынады. Жарыс болашақ механизаторлардың кәсіби даярлығын бағалап қана қоймай, олардың теориялық білімін тәжірибе жүзінде қолдану қабілетін тексеруді көздейді. Жарысқа қатысқандардың айтуынша, мұндай байқаулар студенттердің кәсіби машығын шыңдап, таңдаған мамандығына деген жауапкершілігін арттырады. Себебі жас маманның білімі ең алдымен техникамен жұмыс істегенде, нақты міндеттерді орындау кезінде көрінеді. Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Мұхамедқазы Күнеділовтің айтуынша, байқаудың ерекшелігі студенттердің өз қабілетін іс жүзінде көрсетуіне мүмкіндік берілуінде.
– Балалар алған білімін қолмен ұстап, өз тәжірибесі арқылы нақты көрсетеді. Колледжде меңгерген кәсіби дағдыларын осындай алаңда шыңдайды. Ұстаздар мен көпшілік алдында өз шеберлігін дәлелдеп, болашақта мамандығы бойынша еңбек етуге жол ашады, – дейді ол.
Осындай күрделі кезеңдердің барлығында өз білімін дәлелдеген Алдияр Ұлыжбаев қарсыластарынан озып шықты. Алдияр бірінші курста білім алады. Жас жігіттің техникаға қызығушылығы бала кезінен қалыптасқан. Әкесі механизатор болғандықтан, ауыл шаруашылығы жұмыстарына ерте араласып, техника тілін түсінуге бейімделген. Әкесінің жанында жүріп көргені мен алған алғашқы тәжірибесі де байқауға дайындық кезінде көп көмегін тигізген. Колледж ұстаздары студенттің бойындағы қабілетті байқап, оны республикалық додаға арнайы дайындаған. Нәтижесінде Алдияр бес кәсіби бағыт бойынша сынға түсіп, жоғары шеберлігін көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Комментарии