Нұрхан Ахметбеков мұрасы
Дата: 29.09.2026 Рубрика: Білім
0
7
0

Әр адамның өз отбасының тарихында мақтан тұтар тұлғасы болады. Мен үшін сондай тұлға – қазақтың белгілі ақыны, жыршы Нұрхан Ахметбеков. Мен – оның шөпшегі Мәлікзада Айбибімін, 5 «А» сыныбында оқимын.
Нұрхан Ахметбековтің есімін кішкентай кезімнен естіп өстім. Оның өмірі мен шығармашылығы туралы білген сайын, арғы атамның халқына қалдырған мұрасына деген қызығушылығым арта түсті. Мен үшін оның шығармаларын зерттеу – тек ақын туралы мәлімет жинау емес, өз әулетімнің тарихын тану.
Нұрхан Ахметбеков – қазақтың ақындық және жыршылық дәстүрін жалғастырған сөз өнерінің өкілі. Оның шығармаларында халықтың өмірі, туған жерге деген сүйіспеншілік, ел тағдыры мен адамгершілік құндылықтар көрініс табады. Ақыннан қалған әрбір жыр – өткен заманнан сыр шертетін рухани жәдігер.
Сондықтан мен өз зерттеуімді «Жәдігерден жырға дейін: Нұрхан Ахметбеков мұрасы» деп атадым. Өйткені атадан қалған көне суреттер, естеліктер мен басқа да құнды дүниелер бізді өткен тарихпен байланыстырады. Ал Нұрхан атамның жырлары сол тарихты сөзбен сөйлетіп, бүгінгі ұрпаққа жеткізеді.
Мен Нұрхан Ахметбековтің шөпшегі екенімді мақтан тұтамын. Сонымен қатар бұл мен үшін үлкен жауапкершілік деп түсінемін. Атадан қалған мұраны құрметтеу, зерттеу және кейінгі ұрпаққа таныстыру – біздің міндетіміз.
Болашақта Нұрхан атамның шығармаларын тереңірек оқып, ол туралы жаңа деректерді іздеп, мұрасын насихаттауға өз үлесімді қосқым келеді. Өйткені өткенін құрметтеген ұрпақ қана болашағына нық қадам басады.
Нұрхан Ахметбековтің жырлары мен өмірінен қалған жәдігерлер – бір әулеттің ғана емес, халқымыздың рухани қазынасы. Мен сол асыл мұраны жалғастырушы ұрпақтың бірі болғанымды мақтан етемін.
Айбибі Мәлікзада, Қостанай қаласындағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің 5 «А» сынып оқушысы

Комментарии