Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Сөз өнеріне тағзым

Дата: 29.09.2026 Рубрика: Білім
6
0
Сөз өнеріне тағзым
Көлқамас ауылында ақын, журналист, драматург Абылай Фазылханұлы Маудановтың шығармашылығына арнал­ған «Поэзия дара­бозы – Абылай Мауданов» атты әдеби-­сазды кеш өтті. Өнер мен өлеңді, сырлы сөз бен әсем әуенді тоғыстырған тағылымды шара ақын шыға­рмашы­лығын кеңінен танытып, көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Кештің алғашқы минуттарынан-ақ залда өзгеше әдеби ахуал қалыптасты. Сахна төрінен орын алған ақынның портреті, кітаптары, шығармашылық жолынан сыр шертетін фотосуреттер мен туған жері – Көкалат ауылының көріністері кеш мазмұнын аша түсті. Ал баяу ғана тербелген қазақтың сырлы күйі көрерменді сөз өнерінің әлеміне жетелегендей әсер қалдырды. Кеш жүргізушілері поэзияның адам жанына әсері, ақынның қоғамдағы орны мен туған жерге деген перзенттік махаббаты жайында толғана отырып, әдеби кештің басты кейіпановтың шығармашылық жолындағы айтулы белестердің бірі. Сол жылы ол Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде әдебиет аткері Абылай Маудановты таныстырды.
Абылай Фазылханұлының әдебиеттегі алғашқы қадамы 2001 жылы «Жас Алаш» газетінде жарияланған туындысынан басталған. Бір ғана жарияланым жас қаламгердің үлкен әдеби ортаға жолын ашып, оның шығармашылық ізденісіне серпін берді. Кейін ақынның өлеңдері, публицистикалық мақалалары, прозалық және сатиралық шығармалары республикалық басылымдарда жарық көріп, оқырман қауымның назарына ұсынылды.
2004 жыл – Абылай Маудановтың шығармашылық жолындағы айтулы белестердің бірі. Сол жылы ол Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде әдебиет аталымы бойынша Гран-при иеленді. Бұл – жас қаламгердің таланты мен ізденісіне берілген жоғары баға еді.
Ақын сондай-ақ «Бір өлең, бір әлем» республикалық жазба ақындар мүшәйрасының лауреаты атанып, өзге де республикалық мүшәйраларда жүлделі орындардан көрінді. Кеш барысында оның шығармашылық жетістіктері жай ғана марапаттар тізбегі емес, үздіксіз ізденіс пен маңдай тердің, сөз өнеріне деген адалдықтың нәтижесі екен поэмасына арналды. Абылай Маудановтың бұл шығармасы қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жарық көріп, төрт тілде оқі атап өтілді.
Шараның маңызды бөлімдерінің бірі ақын шығармашылығындағы ерекше туынды – «Дайдидау» поэмасына арналды. Абылай Маудановтың бұл шығармасы қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жарық көріп, төрт тілде оқырманға жол тартқан. Осыдан жиырма жыл бұрын жазылған «Дайдидау» поэмасына халықтың сырлы да мұңлы әні арқау болған. Мағжан Жұмабаевқа арналған шығармада тағдыр тоғыстырмаған қос ғашықтың арманы мен өкініші ғана емес, адам тағдыры, уақыт шындығы, елдің еркіндікке деген аңсары да астасып жатыр. Ақын поэзия арқылы жеке адамның жан сырын тұтас ұлттың рухани толғанысымен сабақтастыра білген.
Бүгінде «Дайдидау» әнінің кеңінен танылып, түрлі сахналарда орындалуы – бір кездері ақын жүрегінде туған жырдың уақыт өте келе тыңдарман жүрегіне жол тауып, үлкен мәдени құбылысқа айналғанын көрсетеді. Әдеби шығарманың әнге айналып, көпшілікке таралуы ақын сөзінің өміршеңдігін айғақтай түседі.
Кеш барысында ақынның өлеңдері оқылып, шығармаларының мазмұны мен көркемдік ерекшеліктері туралы ойлар ортаға салынды. Әдеби кештің сазды бөлігінде әуезді әндер шырқалып, көрермен қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әдебиет пен музыка үндескен сәттер кештің әсерін одан әрі арттыра түсті.
«Поэзия дарабозы – Абылай Мауданов» атты әдеби-­сазды кеш – бір ақынның шығармашылығын таныстырумен ғана шектелмей, туған жерден түлеген талантты дәріптеп, сөз өнерінің қадірін ұғындырған рухани басқосу болды. Ақынның әдебиетке жасаған алғашқы қадамынан бастап, бүгінгі шығармашылық белестеріне дейінгі жолы жас буынға ізденіс пен еңбектің, өнерге адалдық пен туған елге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Сөз соңында кешке қатысушылар ақын шығармашылығына ізгі тілектерін білдіріп, қаламгерге шығармашылық шабыт, жаңа туындылар мен биік белестер тіледі. Өлеңі елмен бірге жасайтын ақынның шығармашылығы да туған жерімен, оқырманымен сабақтасып, рухани кеңістікте өз жалғасын таба бермек.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!